Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Қызылорда облысына іссапар

04.03.2019 0

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУ

 

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысына жұмыс бабындағы сапармен келген болатын. Сыр өңіріне келгендегі басты мақсаты – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін көзбен көріп, ауыл еңбеккерлерімен пікірлесу, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орайластырылған ХVІІІ съезінде алға қойған негізгі міндеттерді жан-жақты түсіндіру болып табылады.

Сенатор 4 наурыз күні Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарында болды. Бірінші кезекте Арал ауданының аудандық ауруханасында, «Аралтұз» мекемесінде және аудандық жұмыспен қамту орталығында, Қазалы ауданындағы ауруханада, жұмыспен қамту орталығында және аудандық орта мектепте болды.

5 наурыз күні Сенатор арнайы ат басын Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы ценмент зауытына, ауруханаға және аудандық клубқа, ол жерден шығып Жаңақорған ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығына, орта мектепке және жұмыспен қамту орталығына бет бұрды.

6 наурыз күні Қызылорда қаласындағы қалалық жұмыспен қамту орталығында болды.

Сенатор Сыр өңірін аралау барысында аудан және қала белсенділерімен, мекеме ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, жастармен, шаруа қожалықтарымен, дәрігерлермен, кәсіпкерлер мен мұғалімдер және көп балалы аналармен сондай-ақ, тұрмыс деңгейі төмен отбасылармен, мүгедектермен кездесті.

Кездесу барысында депутат партия съезіндегі жария етілген әлеуметтік бастамаларға жеке-жеке тоқталып, маңызы мен ауқымын түсіндірді. Атап айтқанда, балаларға бөлінетін жәрдемақы мөлшері ұлғаятыны, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, табысы төмен отбасылардың баспана мәселесін шешу, халықты жұмыспен қамту бірінші бағыттардың бірі, өңірлерді кешенді түрде дамыту үшін жеке кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру одан ары жалғасатыны, жұмыс бастау үшін немесе әрі қарай дамыту үшін төменгі пайыздағы несиелер қарастырылатынын,  білім беру саласындағы гранттардың көбеюі, денсаулық сақтау саласының қол жетімділігі дамитынын, әлеуметтік көмекті алу үшін әр мекемеден анықтама қағазын жинаудың азайтылатынын  айтты.   Қазіргі таңда аталған мәселелерді шешу үшін Үкімет пен орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар бірігіп, кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтілді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес сонымен қатар биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбек ақысы 30 пайызға ұлғаятыны және аудан, облыстардағы атқарушы органдардың төменгі буын қызметкерлерінің еңбек ақысы 25 пайызға, еңбек өтіліне байланысты бірінші-сегізінші разряды бар жұмыс істейтіндердің ең төменгі жалақылары 30 пайызға көтерілетіні туралы айтып, бұл бағытта Үкімет тарапы жақын арада жол карталарын әзірленіп дайын болатынын жеткізді.

Сондай-ақ қоғамдық талқылауға түскен «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасындағы ерекшеліктер мен жаңалықтарға да тоқталды.

Кездесу барысында аудан және қала белсенділері, шаруа қожалықтары мен қоғамдық ұйымдар басшылары мен жұмысшылары, аудандық маслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен жастар, дәрігерлер мен мұғалімдер және көп балалы аналар, сондай-ақ тұрмыс деңгейі төмен отбасылар мен мүгедектер арасындағы кездесу барысында көп балалы отбасылар мен табысы аз отбасыларға қарастырылған жеңілдіктер, дәрігерлердің мәртебесі, жас мамандардың болашағы, жеке кәсіп үшін бөлінетін субсидиялар туралы, баспаналы болу үшін қиындықтар мен жеңілдіктері және де халықты толғандырып жүрген басқа да маңызды сұрақтар қойылды.

Сенат депутаты кездесуге келген көпшілікті алаңдатқан мәселелерді   мұқият тыңдап, әр-бір көтерілген сұрақтар тыңғылықты қаралып, тиісті көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Депутатпен халық арасындағы кері байланыс жақсы деңгейде өтіп, қажетті ақпараттар берілді.

Сенатор барша Сыр өңірінің халқын бірлесе жұмыс атқарып, алға қойған мақсаттарға бірге жетуге шақырды.

Бөлісу