Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

20.07.2020 0

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен бірге өңірдің бірқатар медициналық мекемелерін, соның ішінде облыстық көпсалалы аурухананы аралады. Сапар барысында сенатор бүгінде 525 төсек орны бар аурухана жұмысымен танысып, науқастардың жағдайын білді. Сонымен қатар  инфекциялық науқастарға арналған қосымша 30 төсек орын әзірленген.

Мамандар аймақта пандемияға қарсы күрестің ең басында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға және олармен байланыста болатын адамдарға көмек көрсету мақсатында 760 төсек дайындалғандығы туралы хабарлады. Алайда, эпидемиологиялық жағдайдың қиын болуына байланысты төсек саны 2410-қа дейін ұлғайтылды. Емханаларда 64 өкпені жасанды желдету аппараты бар, оның алтауы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілді.

Азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектердің бар екеніне көз жеткізу және тұтынушылардың пікірлерін тыңдау мақсатында облыс әкімі мен сенатор қалалық дәріханаларды аралап қайтты. Одан әрі делегация облыстық жұқпалы аурулар қызметінің кеңсесіне, қалалық ауруханаға және үйде медициналық көмек көрсететін мобильді топ құрылған емханалардың біріне барды. Сондай-ақ, облыста 125 мобильді медициналық топ бар. Олардың 33-і қала тұрғындарына қызмет етсе, 28-і аудан орталықтарында, 64-і ауылдық елді мекендерде жұмыс атқарады.

«Өңірдің жағдайы жалпы елдегі ахуалға сәйкес қиын. Нақты шаралар қажет. Пандемиямен күрес жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамның және әрқайсымыздың ынтамыз бен бастамамызды қажет етеді. Алыпсатарлар азаматтардың өміріне толық жауап беруі керек. Қазіргі жағдайды мінсіз деп айту қиын. Жақын күндері біз халықпен кездесіп, дәріханалар мен ауруханаларға қоғамдық рейдтер өткізіп, туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектесеміз», - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Бөлісу