Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

СЕНАТОРМЕН КЕЗДЕСУ

06.01.2021 0

Ағымдағы жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының облыстық мәслихатта кездесуі өтті. 

Кездесуге облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарының өкілдері және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. 

Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы Сенатта өзі төрағалық ететін комитет отырысында білім, денсаулық сақтау, қоғамдық кеңестер, мәдениет және спорт саласына қатысты заң жобалары егжей-тегжейлі қаралып, талқылаудан өткендігін жеткізді. Әрбір талқылаудан өткен заң жобаларының заман талабына сай, түйткілді мәселелерді назарға ала отырып, қабылданғандығын айтты.  

Сондай-ақ, көптеген жылдар бойы ел сенімін ақтап, қоғам үшін адал еңбек етіп, жергілікті өкілді органның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар депутаттарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады. 

Сонымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлына және мәслихат аппаратының бір топ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» толуына орай мерекелік медалін табыстады.

 

Дереккөз: Қызылорда Облыстық Мәслихаты | www.facebook.com


 

Бөлісу