Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы

16.02.2021 0

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы.

Аталған Шартқа 2019 жылғы 13 мамырда София қаласында қол қойылған. Бұл Келісім болгар тарапымен қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы соңғы болып табылады, себебі адамдарды ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімдер осы елмен қол қойылып, ратификацияланған.

Ол үлгі болып табылады және екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді.

Қазіргі ақпаратқа сәйкес екі елде де беруге жататын сотталған адамдар жоқ.

Осыған ұқсас шарттар 21 елмен жасалған (Мысалы, Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.).

Бұдан басқа, осындай шарттарды Өзбекстан, Кипр, Португалия, Перу және Доминикан Республикасымен жасасу мүмкіндігін пысықтауда.

«Халықаралық шарттары туралы» Заңға сәйкес, Шарт адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтындықтан, ол ратификациялауға жатады.

Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді, Шартты жүзеге асыру экономикалық, әлеуметтік және саяси теріс салдарға әкеп соқпайды.

Бөлісу