Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлаулар

27.06.2018 0

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Сабырұлы ЖҰМАҒАЗИЕВТІҢ бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаты

 

Анкара

2018 жылғы 24 маусым

Біз, бір топ сенаторлар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы бойынша Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлауға бкақылаушылар миссиясын атқаруға келдік.

2006 жылы қараша айында түркітілдес елдердің басшыларының 8-ші саммитінде Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясын құру жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш бастама көтерген болатын. Бұл парламенттік бірлестіктің мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы парламентаралық қатынас механизмін қалыптастыру, түркі мәдениетін насихаттау, ақпараттар алмасу, экономикалық байланыстарды кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру. Қазір Ассамблеяда мәдениет, білім беру, экономикалық ынтымақтастық, заңнамалық және халықаралық байланыстармен айналысатын төрт комиссия жұмыс істейді.

Түркі елдерінің ынтымақтастығының нәтижесінде көмірсутегін тасымалдау құбыры, автомобиль және темір жол желілері салынуда. Ақтау мен Баку порттары арасында теңіз тасымалы дамытылуда. Мұның бәрі де ежелгі Жібек жолы мен түркі елдерінің ынтымақтастығын дамыту арқылы сауда, экономика, мәдениет және инвестициялық ахуалды одан әрі жандандыру мақсатында жасалуда.

Ассамблея өзінің ынтымақтастық аясын кеңейтіп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясымен, Парламентаралық Одақпен, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және басқа да бірқатар халықаралық құрылымдармен тығыз байланыс орнатты.

***

Түркия Қазақстанның тәуелсізідігін ең алғашқы болып таныған мемлекет. Тәуелсіз Қазақстан мен Түркияның арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылғы 2 наурызда бекітіліп, экономикалық байланыс белсенді дамытылып келеді. Дегенмен, бізді түркі әлеміндегі ортақ шаңырақ ежелден біріктіреді. Түркия тарапынан Қазақстанға құйылған инвестициялар көлемі ұдайы артуда. Инвестициялар негізінен тамақ, медицина және құрылыс секторларына бағытталған. 2015 жылы жалпы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асып түсті.

Екі елдің арасында стратегиялық әріптестік туралы келісім жасалған. Түркияда Қазақстан капиталының қатысуымен 500-дің үстінде компаниялар бар.

Барлық түркі елдерінің рухани астанасы болып табылатын Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уиверситеті ширек ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Алматының маңында Сүлеймен Демирел атындағы университет бар. Ал лицейлер алдыңғы қатарлы білім беру орталықтарына айналды.

Астанада түрік ақыны Юнус Эмре атындағы халықаралық түрік мәдениет орталығы ашылды.

***

Бақылаушы миссиясымен келген қазақстандық Парламент мүшелері президенттік және парламенттік сайлау бойынша дауыс беру және басқа шараларға қатыстық. Бұл рәсімдерді жүргізу тәртібімен біз алдын-ала танысқан болатынбыз. Жалпы сайлау барысында заң бұрмалаушылықтар байқалған жоқ. Ал дауыс берушілердің белсенділігіне риза болдық.

Менің әріптестерім Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлауға қатысты жүргізілген шараларға жоғары баға берді.

Бөлісу