Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

В Алге

06.09.2017 0

САПАР БАҒЫТЫ – АГРОКЕШЕН

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев Ақтөбе облысына алғашқы депутаттық сапары барысында «Грин Хаус Қазақстан» ЖШС жылыжай кешенінде болып, оның жұмысымен танысты.

Жылыжай кешені үстіміздегі жылы ғана пайдалануға берілген болатын. Жеке үлгідегі өндіріс орнының қуаты – жылына 6 мың тонна көкөніс өндіру. Жалпы көлемі 9,5 гектар жылыжай кешенінде 60 жұмыс орны ашылып, облыс халқын көкөніспен толық қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар. Алдағы уақытта толық қуатын игеру, артық өнімді экспортқа шығару көзделіп отыр. Кешенде Голландияның құрал-жабдықтары пайдаланылуда.

Сенатор М.Жұмағазиев Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «КазАгроФинанс» акционерлік бағдарламасының аясында салынған жылыжай кешенінің өндірістік қуатын толық күшінде пайдалану арқылы облыс халқымен бірге шекаралас өңірлердің де тұтыну қажетін өтеу мүмкіндігі мол екенін атап көрсетті.

М.Жұмағазиев сонымен қатар іске қосылғанына бір жыл болған консревіленген ет өнімдерін шығаратын «Айбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік өндіріс орнында кездесу өткізді. Қала мен облыс жұртшылығына өз өнімін ұсынатын серіктестік аз ғана уақыт аралығында тұтынушылар арасында танымал болып үлгерді. Мұнда бір ауысымда 48 мың консервілер шығарылады. Кездесу барысында сенатор М.Жұмағазиев ең озық технологияларды енгізе отырып, өндіріс ауқымын кеңейту, соған қарай жұмыс орындарының санын ұлғайту жөнінде ұсыныс жасады.

Сенатор М.Жұмағазиевтің өңірге сапары одан әрі жалғасуда.

***

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Марат Мырзағалиұлы Тағымов пен Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев Ақтөбе облысының Алға ауданында іссапарда болды.

Сенаторлар бірінші кезекте аудан орталығы Алға қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорнының алдағы қысқы кезеңдерге дайындық сапасына назар аударды. Қаладағы жылыту қазандығы мен желілерін күрделі жөндеуден өткізуге бір жарым миллиардттан астам қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі күні көзделген жөндеу жұмыстары аяқталып, қаржы толығымен игерілді. Қаладағы орталық жылыту қазандығына қосылған әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қыс айларында қалыпты жылумен қаматамасыз етуге мүмкіндіктер жасалды. М.Тағымов пен М.Жұмағазиев жөндеу жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді.

Алға ауданына сапар одан әрі Тоқпансай ауылдық округінде жалғасты.

Тоқпансай – аумағы жағынан аудандағы ең ірі округ. Мұндағы «Тоқпансай» ЖШС іскер басшы Өтесін Өтепбергеновтың жетекшілігімен шаруашылықты және ауылдағы барлық әлеуметтік нысандарды қамқорлыққа алып отыр. Ауылда мал шаруашылығы кешені ғана емес, басқа да ауыл шаруашылығы және күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерін шығаратын шағын нысандар жұмыс істейді.

Қазір әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізіліп, жаңа маусымға сақадай сай әзірленді. Ауыл тұрғындарының сапалы тұрмысын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар жасалынған. Үйлерге табиғи газ, ауыз су келіп тұр.

Сенат депутаттары бұдан соң осы ауданның Есет батыр ауылында тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында көтерілген сұрақтардың барлығы дерлік жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешілетін мәселелер. Сондықтан депутаттар бұл мәселелерді аудан және облыс басшылығына жеткізіп, олардың толық шешім табуын өз бақылауларында ұстайтындықтарын айтты.

 

Бөлісу