Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Ардагерлер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары Комитет отырысында қаралды.

23.04.2020 0

Заң жобасында ардагерлердің өмірін жақсартуға бағытталған шаралар жүйесін іске асыруды көздейтін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер қарастырылған. Олар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын-үй алу кезіндегі жеңілдіктер және жергілікті атқарушы органдардан көмек алу мүмкіндіктер кеңейді. Сол сияқты салықтық және мемлекеттік баждан босату сынды жеңілдіктер қарастырылған.

Мұның алдында да ардагерлер қолдаусыз қалған емес, алайда қаралып отырған Заңның жобасы жүйелілікті толық қамтамасыз ететін болады. Жалпы заң жобаны қабылдау «Ардагерлер ұйымы» сында басқа қоғамдық ұйымдардың жұмысына жаңа серпін болады.

          Заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша Комитет Әлеуміттік-мәдени даму және ғылым комитетіне ескертулерсіз және ұсыныстарсыз қорытындыны жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу