Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

02.12.2020 0

   1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға 2019 жылғы 31 мамыр күні Ашғабад қаласында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған.

Заң жобасы тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізуді көздемейтіні туралы айтып кеткен жөн.

Хаттамамен аталған Келісімге ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібін оңайырақ өткізуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіліп отыр.      

Атап айтқанда мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында шығарылатын тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ТМД-ға қатысушы мемлекеттің өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру және кедендік операцияларды жасау үшін жағдай жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Хаттаманы қабылдау теріс экономикалық, элеуметтік, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Бөлісу