Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Аймаққа іс-сапар

19.08.2020 0

Ақтөбе облысына жұмыс сапары (2020 ж. тамыз)

 

Аталған кезеңде депутат Ақтөбе облысының Алға, Хромтау, Қарғалы, Қобда, Мәртөк аудандарын аралады.

Ақтөбе фермерлік орталығы, шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басшыларымен кездесіп, несиелендіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу, суару және т.б. бірқатар мәселелерді талқылады. Ауылдық округтердегі фермерлік шаруашылықтар мен кәсіпорындарға барып, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін жинау және азық дайындау алқаптарын, балық шаруашылықтарын аралады. "Жұмыспен қамту жол картасы", "Ауыл - ел бесігі", "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында бірқатар құрылыс нысандарын, сумен жабдықтау объектілерін, жолдарды және ауыл шаруашылығы жобаларын аралады. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін аралап, ұжымдармен кездесулер өткізді.

Депутат атап өткендей, өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ауылдық елді мекендердегі ағымдағы мәселелерді шешу бойынша белсенді шаралар қабылдануда, жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, абаттандыруға көңіл бөлінуде. Өңір басшысының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, АӨК саласындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру барысы, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері тұрақты күн тәртібінде тұр.

Бөлісу