Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

23.12.2020 0

Құрметті әріптестер!

 

 

Цифрландыру процесі бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде дамыған. Бұл ретте,  Қазақстанға да жаһандық цифрлық экономикада өз орны болуы қажет. Осы тұрғыда экономика салаларын цифрландыру, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру - еліміздің басымды міндеттерінің біріне айналды.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ветеринариялық паспортты электрондық нысанында беру мүмкіндігі іске асырылып отыр.

Одан басқа енгізілген өзгерістер туралы заң жобасын әзірлеушілерінің атынан әріптесіміз Мәжіліс депутаты Ким Роман Ухенович  толық баяндады.

Жұмыс тобының отырысында мүдделі тараптардың қатысуымен жан-жақты талқыланды, қойылған сұрақтарға жауап алынды. Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстары жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, заң жобасын Комитеттің кеңейтілген отырысына бірінші оқылымда шығаруды ұсынамын.

 

 

 

 

Бөлісу