Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы»

24.12.2020 0

Құрметті әріптестер!

 

        Қазақстан Республикасы қылмыстық саясатты ізгілендіруді дәйекті түрде жүргізіп келеді. Өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық құжатқа қол қою еліміздің адам құқықтарының прогрессивті дамуына ниетін көрсетеді.

        Осы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Президентіміз Қ.Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясында жариялаған болатын. Президент атап өткендей, Қазақстан өмір сүру мен адамдық қадір-қасиеттің негізін қалаушы құқықтарды іске асыруды ұстанады.

        Хаттама адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтындықтан "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңына сәйкес Парламенттің міндетті түрде ратификациялауына  жатады.

Заң жобасы тұжырымдамасы бойынша Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нигматуллаұлы Ашықбаев толық баяндады.

Комитет депутаттарынан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

 Құрметті әріптестер! Заң жобасын қолдап бас комитетке оң қорытынды жолдауды сұраймын.

Бөлісу