Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Аймаққа іс-сапар

05.01.2021 0

         Аймаққа іс-сапар шеңберінде сенаторлар М.Жұмағазиев пен Б. Қаниев Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинмен кездесу барысында пандемия кезіндегі өңірдегі экономикалық жағдайды талқылап, әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне көңіл бөлді. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуде Сенаттың 2020 жылы қараған заң жобалары туралы хабардар етілді, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған заңдарға егжей-тегжейлі тоқталып, экология, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер бойынша түсініктеме берілді. Кездесу соңында облыстық мәслихаттың бірқатар депутаттары ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстық басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында депутаттар өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін талқылауға баса назар аударды.

            Ойыл ауданының орталығында жеке жылыжайдың жұмысымен танысып, жергілікті меценаттың қаражатына салынған балалар музыка мектебіне барып, аудандық орталық аурухананың дәрігерлер ұжымымен кездесу өткізді. Сарбие ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулаторияда болып, мектепте мұғалімдер ұжымымен, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Саралжын ауылдық округінде "Тәжібай-Агро"ЖШС ірі қара мал өсіретін мал фермасының жұмысымен танысты.

            Өткізілген кездесулерде депутаттар әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және пандемия жағдайында халықты қолдауға бағытталған Сенат қараған заң жобалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы өзгерістері де талқыланды. Орталық аудандық аурухана ұжымымен кездесуде медицина қызметкерлеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Тұрғындармен кездесу барысында БЖЗҚ қаражатын пайдалану ережелері, көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін білім беру гранты бойынша квотаны кеңейту туралы айтылды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын экология, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер қызықтырды.    

            Ақтөбе қаласының әкімімен кездесуде қаланы дамыту бағдарламасы талқыланды, әлеуметтік салаға, экология, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. "Green Capital Kazakhstan" ЖШС-нің жылыжайына барды. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру туралы тапсырмаларын іске асыру аясында шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылды.

Бөлісу