Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

13.01.2021 0

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы уран өндіру жағдайында жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға бағытталады.                                

Заң жобасында мынадай негізгі түзетулер мен өзгерістер көзделген:                                   

-   Кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, қазір жүзеге асыратын уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптаманы енгізу.      

Мемлекеттік сараптаманы жоғарыда аталған орталық комиссия жүргізетін болады. Оның құрамы, жұмыс регламенті уәкілетті орган бекітетін уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалатын болады.                                                                       

-   Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттамасын сараптау үшін тәуелсіз сарапшы-операторды айқындау.                                                                      

Бұл жағдайда дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға тәуелсіз сараптама операторы болады.             

-   Уран өндіру кезеңінде уран кен орнының геологиялық құрылымы мен қорларын нақтылау мақсатында жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізу мүмкіндігін беру көзделген.                                                                                                     

Сондай-ақ, уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарына қойылатын талаптар нақтылануда, атап айтқанда, жобалау құжаттарына уран өндіру салдарын жою жөніндегі жоба қосымша жатқызылатын болады.                                           

-  Уран өндіру келісімшарттарында уран кен орны қорларының өсімі болған кезде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыру бойынша қосымша міндеттемелерді бекіту туралы талапты енгізу ұсынылады, геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес бастапқы қорлардан отыз және одан да көп пайызға асады.                                                                  

Аталған Заң жобасын қабылдау қолданыстағы заңнаманың анықталған кемшіліктері мен олқылықтарын жоюға және уран өндіру бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу тетігін енгізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу