Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

03.03.2021 0

Комитет отырысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасы инвесторлар қатысатын дауларды қарау сатылығын қайта қарастыру тетігін жетілдіруге бағытталған.

  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, қолайлы инвестициялық ахуал жасау, кәсіпкерлікті және жалпы экономиканы дамыту қажеттігі туралы бірнеше рет атап өтті.                                                                                

   Ұсынылған Заң жобасына сәйкес инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сот арқылы шешу тетігі елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Осылайша, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейін инвесторлардың қатысуымен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар жаңа Кодекстің қағидалары бойынша қаралатын болады.                                                             

Бұл ретте жария-құқықтық қатынастардан туындамайтын даулар Азаматтық процестік кодексінің ережелеріне сәйкес шешілетін болады.

Сондай-ақ, үш буынды қорғау жүйесін сақтауды ескере отырып, осы Заң жобасында инвесторларға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған соттар арасындағы соттылықты өзгерту ұсынылады.

Заң жобасын қабылдау Президент жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерге сай келеді және жүргізіліп жатқан реформалардың дамуына ықпал ететін болады.

Жалпы айтқанда, осы Заң жобаларымен ұсынылып отырған өзгерістер сот төрелігінің сапасын арттыруға, оның жеделдігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сот процессіне замануи технологиялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Жұмыс тобының отырысында заң жобасы жан-жақты талқыланды. Комитет депутаттарынан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.                                                         

Заң жобасын қолдап бас комитетке оң қорытындыны жолдауды ұсынылды.

Бөлісу