Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы»

07.04.2021 0

 Комитет отырысы 

 Аталған заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау мақсатында әзірленген.

Келісім Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды анықтайды.

Келісіммен Одақ нарығында оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімді реттеу жоспарлануда. Мұндай өнімдердің көлемі кемінде 15% құрайды. Бұл өнім әлеуетті қауіп-қатер тудырмайды. Оған қойылатын талаптар жоқ. Бүгінгі таңда мұндай өнімдердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қауіпті екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ (мысалыға, улану, материалдардың химиялық құрамына аллергия, халықаралық елдердің тәжірибесі және т. б).

Сондай-ақ, Келісімді қабылдау Одақ аумағында шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін іске асыруға ықпал ететін болады.

Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, элеуметтік, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Бөлісу