Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Аймаққа іс-сапар

06.05.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев өңірлерге жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының бірнеше ауданында болды

Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысының Темір ауданында болды. Сенатор "Қандыағаш-Мақат" автомобиль жолының бөліктерін жаңғырту барысымен танысты. Жол құрылысшыларының айтуынша, биыл бұл жерде көлік қозғалысы басталады. Бұл учаскені жөндеу Ақтөбе облысының көлік әлеуетін едәуір кеңейтуге және автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Депутат өңір шаруаларымен кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың келешегін және АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық жобасының тұжырымдамасын талқылады. Сенатор мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне және ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. "Мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне, әсіресе мал шаруашылығы саласына айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, тиімді және сапалы ветеринарлық қызмет көрсетілмесе мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты осы саладағы бірінші кезектегі міндет ветеринарлық қызмет мекемелерінің қызметін қаржыландыру, оларды кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу болуы тиіс", - деді Мұхтар Жұмағазиев. Шұбарқұдық ауылындағы дәрігерлік амбулатория ұжымымен кездесу барысында депутат пандемия кезінде аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жағдайы мен санитарлық қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқылады. Байғанин ауданында депутат бірқатар білім және мәдениет нысандарын аралап, халық игілігі үшін қызмет ететін нысандарға оң баға берді. Ауданның ауылдық округтерінде орналасқан шаруа қожалықтарының басшыларымен және жұмыскерлерімен кездесу барысында фермерлер мұндағы жерлер мен табиғи-климаттық жағдайлар қой өсіруге және жылқы өсіруге барынша қолайлы екенін айтты. Өз кезегінде депутат ветеринария, астық, жер қатынастары мәселелері бойынша Сенат қабылдаған заңдар туралы баяндады,  мал ұрлығы мен браконьерлік үшін жазаны қатаңдату мәселелері бойынша егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, депутат облыс әкімімен, мемлекеттік органдар басшыларымен және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Осы кездесулер барысында аймақ тұрғындары көтерген және облыс басшылығының ерекше назарын талап ететін проблемалық мәселелер талқыланды.

Бөлісу