Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

20.10.2021 0

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қоғамдағы жиі көтеріліп жүрген сыртқы жарнамалар мен маңдайшалардағы, басқа да көрнекті ақпараттардағы қазақ тілінің сауатты жазылуы және мәтіндердің теңтүпнұсқалары аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіруге бағытталған.

Бұл түзетулер соңғы кезде қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі көтеріліп жүрген қазақ тілінің мәртебесі мәселелерін шешуге ықпал етеді деуге болады.

Грамматикалық және стилистикалық қателіктері бар көрнекі ақпаратты орналастырған кезде, ҚР «Тіл туралы» заңы өрескел бұзыла қана қоймай, сондай-ақ осындай іс-әрекеттер халықтың жалпы сауаттылығына және қоғамның мәдени құндылықтарын қалыптастыруға теріс әсер етуде.

         Жобамен 16 заңнамалық актісіне, яғни тіл туралы, көлік, теміржол, сауда қызметін реттеу және тамақ өнімдері қауіпсіздігі секілді заңдарға көрнекі ақпаратты міндетті түрде мемлекеттік тілде әрі қатесіз жазылуы тиісті жөніндегі талаптарды белгілейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Осылайша, еліміздегі жарнама берушілер көрнекі ақпаратты қазақ тілінде қатесіз жазуға және мәтіндердің теңтүпнұсқалары аудармасын сақтау міндетті.  Ғимараттардың маңдайшаларындағы мемлекеттік тілде жазулар, көшедегі жарнама мен баннерлері мен хабарландырулардың орфографиясы мен грамматикасы заңмен қадағаланатын болады.

Заң жобасын қабылдау еліміздің тіл саясатын тиімді іске асыруға ықпал етеді, теріс құқықтық, экономикалық, элеуметтік, салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы бойынша оң қорытынды берілді.

 

 

Бөлісу