Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ершов Сергей Михайловичтың Ұлытау ауданына іс-сапары туралы

11.01.2017 0

 

2017 жылдың қаңтар айының 10-шы жұлдызында Ұлытау ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ершов Сергей Михайлович іс-сапармен келді. Аудан әкімшілігінің мәжіліс залында өткен кездесуге мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, кент-село әкімдері, шаруа қожалық иегерлері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Негізгі мақсат 2016 жылдың 26 мамыр күні Парламент Мәжілісінде таныстырылған, Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35, 97-ші қадамдарын іске асыру және «Қазақстан-2050» стратегиясында жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әзірленген «Жайылымдар туралы» заң жобасымен таныстырып, ұсыныстар жинақтау.

  Жиында Ұлытау ауданының әкімі Омаров Хамит Нұрланұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы қысқаша хабарлама жасады, одан соң Сергей Михайлович «Жайылымдар туралы» заң жобасымен таныстырды.

  Сенат депутатының баяндауынша бұл құжат еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымын жақсартуға, жайылым жерлерді тоздырмауға, олардың қоршаған орта жүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағытталған. Бұдан бөлек, құжатта экологиялық таза мал өнімдерін өндіруді арттыру мәселелері қарастырылып отыр. Осы заңды қабылдай отыра нақты шешілетін мәселелерді, одан күтілетін нәтижелерді де атап көрсетті.

Парламент Сенатының депутаты Ершов Сергей Михайловичке Қарсақбай ауылдық округының шаруа қошалық иегері Аманжолова Бания - жайылымдарды сумен қамтамасыз ету жайлы және Терісаққан ауылдық округының шаруа қожалық иегері Бөлендин Жарқынбек - осы жайылымдардағы жарық және жол мәселелір жайлы сұрақтарын қойды. Сергей Михайлович қойылған сұрақтарға «Жайылымдар туралы» заң жобасы негізінде толыққанды жауап берді.  

  Сонымен қатар Сенатор ауданда жаңадан қолданысқа берілген әлеуметтік нысандарды аралап өтті, «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша салынған Отбасылық дәрігерлік амбулатория, Спорттық сауықтыру кешені және 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен «Өркен» балабақшасында, аудандық мұражайда болды.

 

 

Бөлісу