С.М. Ершовтың аймақтарды аралауы бойынша есебі
Елде карантин жариялануына байланысты және Қарағанды облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ершов Сергей Михайловичтің барлық кездесулері онлайн режимінде өтті.
Сергей Михайлович ағымдағы жылдың 3-6 тамызы аралығында аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаттарымен және Қарағанды облысының активімен кездесті. Барлығы 8 кездесу өткізілді.
Кездесулерде депутат алтыншы шақырылымның бесінші сессиясында Парламент қабылдаған кодекстер мен заңдардың нормалары туралы және Республика азаматтарының әл-ауқатын жақсарту бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы түсіндірме берді.
Қарағанды облысының мәслихат депутаттары мен активтерін ең алдымен облыстың экологиялық мәселелері қызықтырды. Қазіргі уақытта облыстағы экологиялық жағдай өкінішті жағдайда, бұл жергілікті халықтың денсаулығы мен аймақтағы туризмнің дамуына әсер етіп отыр.
Осы күнге дейін облыстың кейбір ауылдарында ауыз су мәселесі шешілмей келеді.
Сондай-ақ, бірқатар ауылдық округтерде ұялы байланыс желілері орнатылмаған, Интернетке шығу мүмкіндігі жоқ.
Ауылда жұмыс істейтін әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту туралы мәселені қарау ұсынылды.
Жергілікті атқарушы органдардың жобаларын қаржыландыру үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың жарамдылық мерзіміне қатысты мәселелер бар. Қазіргі уақытта ТЭН мен ЖСҚ-ның жарамдылық мерзімі 3 жылға есептелген. Үш жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен қаражаттың толық көлемін алу кей кездері мүмкін болмайды, сондықтан техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзімін 5 жылға дейін ұзарту ұсынылды.
Мәслихат депутаттары олардың мәртебесін анықтау туралы мәселе көтерді, өйткені олардың қызметі барысында өкілеттіктердің жоқтығынан аймақ мәселелерін шешуде қиындықтар туындайды.
Сондай-ақ, депутаттар мәслихат аппараттары қызметкерлерінің жалақысын жергілікті әкімдіктер қызметкерлерінің жалақысымен теңестіріп, қайта қарау қажет екенін атап өтті.