Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

09.09.2019 0

Құрметті Төраға, құрметті әріптестер!

 

 

Қаралып отырған Келісім:

- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы Қазақстан мен Армения ынтымақтастығының тәртібі мен нысандарын,

- көмек көрсету шарттары мен түрлерін,

- мемлекеттік шекарадан өту тәртібін,

- шығындар мен залалды өтеу тәртібін және тағы басқа мәселелерді айқындайды.

Тараптардың өз күштерімен және құралдарымен жойылмайтын төтенше жағдайлардың пайда болуын назарға ала отырып, тараптардың біреуінің аумағында төтенше жағдайлар пайда болған кезде, осы Келісімді іске асыру, бірлескен іс-қимылдарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін айтылып өткендей, Келісім сондай-ақ ынтымақтастық нысандарын айқындайды.

Яғни тараптар:

- төтенше жағдайларды болжау, олардың алдын алу және бағалау туралы,

- қоршаған ортаның жай-күйі және басқа да бірқатар мәселелер бойынша тәжірибе алмасады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ұсынылған келісімді уақтылы және өзекті деп есептеймін.

Және Заң жобасын қолдауды және бас комитетке оң қорытынды жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет.

 

Бөлісу