Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

10.02.2020 0
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) 2019 жылғы 12 шілдеде Бішкекте жасалған. Хаттамада көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестіру және жол жүру құжаттарын біріздендіру мақсатында Тараптардың Мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін құжаттар тізбесінен Тараптардың азаматтығына тиесілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама- жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлікті алып тастау көзделеді.
Бөлісу