Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың қүқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды жэне Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

15.09.2020 0
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама, ЕуразЭО) 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған. Хаттамада ЕуразЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді реттейтін кедендік құқықтық қатынастардың талаптарына сәйкес Қырғыз Республикасы үшін ЕуразЭО кеден шекарасындағы өздерінің өткізу пункттерін жаңғырту мерзімін Хаттама күшіне енген күннен бастап 72 айға дейін ұзарту ұсынылады.
Бөлісу