Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы

13.04.2021 0

Келісіммен Одақ нарығында оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімді реттеу жоспарлануда (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе). Мұндай өнімдердің көлемі кемінде 15% құрайды. Бұл өнім әлеуетті қауіп-қатер тудырмайды. Оған қойылатын талаптар жоқ. Бүгінгі таңда мұндай өнімдердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қауіпті екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ (мысалға, улану, материалдардың химиялық құрамына аллергия, халықаралық елдердің тәжірибесі және т. б). 

Бірыңғай тізбені қалыптастыру тәртібі ЕЭК Кеңесінің 17.03.2016 ж. № 23 шешімімен бекітілген. Бірыңғай тізбе тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, кезеңімен қайта қаралады.

Өнімді Бірыңғай тізбегеқосу негіздері:

а) ЕЭК актілерінде міндетті талаптардың болуы;

б) қауіпсіздіктің міндетті талаптарын белгілеудің халықаралық тәжірибесі;

в) ғылыми деректер (зерттеулер) негізінде алынған тәуекелдер сипатталатын өнім;

г) мемлекеттік бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша анықталған және расталған тәуекелдер. Бірыңғай тізбеден өнімдерді алып тастау тәртібі қосу тәртібі сияқты негіздер болған жағдайда қарастырылады.

Бөлісу