Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласында ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы

18.05.2021 0

Келісімнің мақсаты – екі елдің арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту, қажеттілігіне қарай статистикалық мәлеметтерді, екі елдің аумағында болатын азаматтар туралы жеке мәліметтерді алмасу мәселелерін реттеуді көздейді.

Өздеріңізге белгілі екі мемлекеттің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдан бері жалғасып келеді.

Осы күнге дейін екі елдің арасында 100-ден астам құжатқа қол қойылды.

Бүгінгі таңда екі елдің арасында экономикалық ықпалдастыққа негізделген транзиттік-көлік әлеуетін, оның ішінде транскаспий халықаралық көлік маршрутын, логистиканы, дамыту жөнінде жақсы жұмыстар жүргізілуде.

Бұл келісім өз кезегінде осы жұмыстарды одан әрі дамытуға жақсы септігін тигізеді.
Бөлісу