Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Елбасы жүрегіндегі сөз

07.12.2021 0

Елбасы дауылдар мен дабылдар, «жан алысып, жан беріскен», «егеулі найза» ұстаған ықылым замандардан бері ұлтымыздың баға жетпес өзіндік дәстүрлері мен ғұрпын, еркіндіктің рухы мен рухани кеңістігін, ғажайып тілі мен сұлу сазын сақтап қалған қасиеттерін тебірене жазады.

Ғасырлар тоғысында адамзат тарихында, оның ішінде Қазақстан тарихында ерекше орны бар Тәуелсіздік салмағын көтеру өз тағдырына тиесілі екенін жоғары жауапкершілікпен жет­кізеді. Әрине Елбасы жүрегіндегі сөз – тарих сөзі, заман сөзі, ұрпақ сөзі.

Расында, Елбасы жазғандай Қазақ­стан халқы «бір жағадан бас шығарды». Ортақ мақсат үшін небір қиындықтарды жұмыла жеңді, ұлттық бірлік пен тату­лыққа қол жеткізді. Өткен тарих – кеткен тарих емес. Ол – ұлт жадында, ұр­пақ санасында қалатын қиын, зобалаң жыл­дарға ұласқан тарих болса да, бабалар арманын жүзеге асырған тарих.

Мақалада Елбасы халық рухына бас иеді. Қиыншылыққа көнді, бірақ мойыған жоқ, үміті үзілер жерде – болашаққа сенді, кері емес – алға жүрді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін от кешті. Кеңес Одағының тарихи жолдарына шолуды да осы мақаладан таба аласың. Өткен ғасырдың 70-жылдарындағы жағдай, одан кейін Горбачевтік «қайта құру» саясаты да қалай күйрегенін Елбасы ашық жазады.

Бұл – тағылымдық мақала. Бұл – Тәуелсіздік жолының жылнамасы. Отыз жыл бойы Елбасы өзінің бүкіл ғұмы­ры мен саясаты халық тағдырын, ұлт тағдырын, тәуелсіздікті сақтауға арнал­ғанын еліне, жас ұрпаққа сыр етіп айта­ды. Соның нәтижесінде, Қазақстан өрке­ниетті елдердің қатарына қосылып отыр.

Мақала ұлттық мұраттарымызды саралайды. Болашақ жолымызды айғақ­тайды. Елбасы жүрегінен шыққан сөз тарихилығымен, шынайылығы­мен ерекшеленеді. Өзі құрған және қалыптас­тырған Тәуелсіздік құндылықтарының ұлттық бірегейлік пен ұлттық татулық символы ретінде, тарихи жәдігер ретінде қала береді. Елбасы жолы – Қазақстан жолы екеніне көз жеткізесің.



Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,
Парламент Сенатының депутаты

https://egemen.kz/article/298353-elbasy-dguregindegi-soz

 

 
Бөлісу