Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Ұлт саясатының алтын желісі

02.09.2022 0

Ұлт саясатының алтын желісі

Жыл сайын қазақстандықтар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ерекше үмітпен тосады. Өйткені Жолдауда мемлекеттің даму бағыттары мен халықтың әлеуметтік қорғалуына байланысты Үкіметке жаңа тапсырмалар беріледі. Әрі парламентке қандай заңдарға басымдылық берілетіні айқындалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына халықтың талаптарына үн қосып, оларды қорғау және әділ де ашық сот жүйесін қамтамасыз ету міндеттері жүктеледі.

Ел Президентінің 2021 жылғы Жолдауына орай 103 тармақтан тұратын Ұлттық жоба қа­былданды. Солардың бәрі кезең-кезеңмен орындалып, Жаңа Қазақстанның даму тұжырымдамасы орнық­ты. Осы мерзімде «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құны 230 млрд теңге болатын 20 мың жеңілдетілген несие беріл­ді. Қазақстанда «әуелі экономика, содан соң саясат» бағ­дарламасы жаңа форматқа көшірілді. Саяси реформалар жасалмай, экономикалық даму да болмайтынын өмір көрсетті.

2021 жылға көзделген елі­міз­дегі саяси реформалар то­лықтай жүзеге асырылды. Жал­­пыұлттық референдум өтіп, қоғамды да­мытудың кон­цеп­циясының жолы мен бағыт­тары анықталды. Ха­лықтың саяси мүддесі мен әлеу­меттік-экономикалық қор­ғалуының межелері белгіленді.

Әлемдік шиеленіс, Ресейге бағытталған санкциялар Қазақ­станға әсер етуі мүмкін бе? Енді не істеу керек? Бұл сұрақ­тар халықты алаңдатып отырғаны белгілі.

Президент Қ.Тоқаевтың қос палаталы парламенттің бір­лескен отырысында жасаған Жол­дауы сайлаушылардың да, біз­дің де көкейімізде жүрген көп сұрақтың түйінін шешті деп нық айта аламын. Жолдауда айтылған саяси жаңғыру, Әді­летті Қазақстан құрудың көкей­кесті мәселелері «елімізде жаңа экономикалық саясаттың» бас­тау алғанын көрсетті.

Жаңа кезеңдегі Қазақстан дамуының алғышарттары қандай? Осы мәселелердің бәрі шикізатқа тәуелді Қазақ­станның жаңа жолын айғақ­тап берді. Сондықтан басты мақсат – қоғамның тазалы­ғын, шағын және орта бизнесті дамыту, адами капиталды көтеріп, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуы мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды.

Президент жаңа салық саясаты қажет екенін айта отырып, 2023 жылы осы сала бойынша жаңа заң қабылданатынын жеткізді. Бюджеттік саланы реформалау да жалғасын таба бермек. Ұлттық қордың қаржысын орынсыз жұмсау тоқтатылады. Әрі жаңа «Бюджет кодексін» қабы­лдау күн тәртібінде тұр­ғанын қадап айтты. Ұлттық банк, кредиттік жүйені реттеу мәселелеріне де Президент ерекше назар аударды.

Әрине, білім мен ғылым саласының маманы ретінде мені Мемлекет басшысының төмендегі тұжырымдары ерекше толғантты. Президент білім, ғылым, жастар тәрбиесіне басым бағыт берді. Келесі жылы 100 мың жас жұмыспен қамтылатынын және олар­ға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие берілмек.

Жолдауда мектеп, бала­бақша мәселелері де басты назарда болды. Президент «орта білім сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» екенін атап өтті. Бұл тезистің өміршеңдігін соңғы жылдары жасалып жатқан реформалар көрсетіп отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы халық көңілінен шықты. Енді 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи жасақталған мектептерде білім алады.

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңға сәйкес жер мен табиғи ресурс­тар халықтың меншігі болып табылады. Ендеше, оны халық игі­лігіне жұмсаудың қандай тетік­тері бар? Осыған орай Мемлекет басшысы отыз жылдан бері айтылып, бірақ орындалмай жүрген бір түйткілді мәселенің түйінін шешті. Енді жеріміздің байлығы халық мүддесіне жұмыс істейді.

Әрбір отбасы ұлттық қазба байлықтарынан өз үлестерін алуға тиіс. Балалар жылының аясында Қ.Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» атты бұрын-соңды болмаған жаңа жоба ұсынды. Енді ұлттық қордың инвести­циялық табысының 50 пайызы 18-ге жеткенше балалар­дың арнайы есепшоттарына аударылады. Мұны әрбір ата-ана, әрбір қазақстандық қуанышпен қабылдағанына сенімдімін.

Ауыл мен қала мектептері­нің арасындағы алшақтықтар­ды жою Үкімет алдындағы жа­уапты міндеттердің бірі болып қалмақ. Сондай-ақ оқушы­лар қазақ және орыс тілдерін қатар жетік білуі замана талабы екенін де қадап айтты.

Отандық жоғары оқу орын­дарының мақсаты мен мүд­десі, олардың кадр даяр­лаудағы әлеуеті, жауапкершілігі де назардан тыс қалған жоқ. Мем­л­екет басшысы «ҰБТ нәти­же­лері мен өзге де көрсет­кіш­терге байланысты 30-дан 100 пайызға дейінгі сараланатын білім гранттарына ие болаты­нын жеткізді». Әрі ЖОО сту­денттерін жатақханамен қамтамасыз ету үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестікті тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті мем­лекеттік дамудың басым бағыт­тары туралы сараптама жасай отырып, кейбір орын алған кемшіліктерді де сын тезіне алды. Мәселен, денсаулық сақтау саласын алайық. Әрине, бұл сала бойынша біраз реформа жүргізілді. Бірақ оның барлығы халық сұранысына жауап бере алмады. Бұған Жолдаудағы Президент сөзі айғақ. «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлық­ты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру реформа­ның басты мақсаты. Ұлт саулығы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Дегенмен оның жағдайы әлі мәз емес», деді Мемлекет басшысы. Кемшілікті түзеу үшін мемлекет не істеуі керек? Бұған да жауапты Жолдаудан табасың.

Әрине, Президенттің кезекті Жолдауын терең талдап, сараптама жасау – уақыт еншісінде. Жаңа Қазақстан құру – саяси реформаларсыз өтпейтіні белгілі. Сондықтан Президент қойған міндеттерді орындау үшін сая­си реформалардың мәні мен маңызын түсіну қажет.

Шын мәнінде, жалпыұлт­тық ынтымақтастық, би­лік пен қоғам серіктестігі Қ.Тоқаев реформасының алтын желісіне айналып отыр. Өйткені «күшті Президент, ықпалды парламент, есеп беретін Үкімет» бір мақсат­қа, бір ұлттық мүддеге жұмыс істегенде ғана қоғам дамиды, экономикасы өседі, халық әлеуметтік жағынан қорғалады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды, – деді Президент. – Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойласумыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ».

Жолдауда Президент мем­лекет қауіпсіздігі мен жалпы­ұлттық көкейкесті мәселелер­ді көтерді. Әлем сая­­саты шытынап тұр. Көрші мемлекетке жасалып жатқан санкция­лар Қазақстан саясаты мен эко­номикасына әсер етпей қой­майды. Петербургте өткен саммит кезінде Қазақстан Пре­зи­дентінің сөйлеген сөзі әр қа­зақстандықтың жүрегі­не жетті, патриоттық сезімін ұялатты.

Президент халықтан еш­теңені жасырған жоқ. Қа­лып­­тас­­қан әлемдік саяси теке­ті­рес тұсында оған «ха­лық­тың жаңа сенім мандаты» қажет. Сондықтан да, Мемле­кет басшысы «мемлекет мүд­десі үшін Пре­зидент өкілет­тігі мерзім­дері­нің санын және ұзақ­ты­ғын қайта қарау қажеттігін» халық­қа мәлім етті. «Президент ман­даты­ның ұзақ­тығы 7 жылдық бір мерзім­нен аспайтын болады», деді Қ.Тоқаев «Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»
Бөлісу