Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

2018 ЖЫЛҒЫ 13-21 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р. ӘБДІКЕРОВТЫҢ ӨҢІРГЕ ЖАСАҒАН САПАРЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

26.10.2018 0

2018 ЖЫЛҒЫ 13-21 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА

 СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р. ӘБДІКЕРОВТЫҢ

 ӨҢІРГЕ ЖАСАҒАН САПАРЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

 

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Қалиақбарұлы  Әбдікеров Қарағанды  облысына 2018 жылдың 15 қазанында іс-сапармен  келді. Сол күні сенатор облыстық ішкі істер департаментінің басшылығымен кездесті. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру кездесудің басты мақсаты болды. Полиция қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, мамандар сапасын арттыру, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы Елбасының тапсырмасы бойынша әңгіме өрістеді. Сонымен қатар полиция жазалаушы орган ретіндегі біржақты түсініктен арылып, қиын жағдайда көмек көрсетуші үлгісіне көшірілуі тиіс екені айтылды. 

        Р.Әбдікеров сондай-ақ Қарағанды қаласындағы ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығында болып, қаладағы бейнебақылау жүйесінің камералармен жабдықталуымен және осы бағыттағы орта білім беретін мектептердің ерекшеліктерімен танысты. Жыл басынан бері жедел басқару орталығына тиесілі камералардың көмегімен 152 қылмыстық құқық бұзушылық ашылып, 18 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

        Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолында Қарағанды облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамына зор міндет жүктеліп отырғаны аталып өтілді.

       Келесі күні Парламент Сенаты депутатының Қарағанды облысына сапары одан әрі жалғасты. Ат басын тіреген алғашқы нысан «Волынка» ет өңдеу комбинаты болды. Кәсіпорын директоры Д. Сәкенов өндірістің жаңартылған құрал-жабдықтарды көрсетіп шығып, алдағы жоспары туралы айтып өтті.  Аталмыш өндіріс ошағы «2030-Бағдарламасы» бойынша алғашқылардың бірі болып, «қысқа мерзімді оқыту» бағыты бойынша комбинатта оқу орталығын ашып, жұмысқа қажетті мамандарды дайындауда.

Мұнан соң сенатор №10 мектеп-гимназияның жәй-күйімен танысты.  Р.К.Абдикеров мұғалімдер қауымымен емен-жарқын әңгімелесіп, қазіргі таңда білім саласына енгізіліп отырған өзгерістерге тоқталып, ұстаздар арасындағы жас мамандардың көп болуы қуантарлық екендігін айтып өтті.

Бұдан кейін Сенат депатуты аудандық сот өкілдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын талқылады. Рысқали Қалиақбарұлы өзі мүшелік етіп отырған Конститутциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің жұмысына кеңінен тоқтала келе, кейбір заңдардағы өзгерістерге тоқталып, оң жақтары мен олқы тұстарында тілге тиек етті.

Кездесу Абай ауданының әкімі Б. Асанов, аудандық мәслихат хатшысы Б. Цай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Қойлыбаева, жергілікті мәслихат депутаттары, атқарушы органдар қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысқан дөңгелек үстелмен жалғасты.

Р.Әбдікеров Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, заң жүйесіне енгізіліп отырған бірқатар жаңартулар туралы баяндады. Жиын соңында аудан әкімі Б. Асанов Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровке өз алғысын білдіріп, Елбасы ұсынып отырған мемлекеттік бағдарламалардың біразы аудан бойынша іске асып, әлі де өз жалғасын табатындығын айтты.

         Абай ауданындағы кездесуден кейін халық қалаулысы Шахтинск қаласына ат басын бұрды. Қала әкімі С. Аймақовпен бірқатар мемлекеттік мекемелерді шағын және орта бизнес нысандарын аралады.  Сапардың негізгі мақсаты – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру болып табылады.

Алғашқы барған нысандардың бірі Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі болды, онда мұражай, хореографиялық зал, кітапхана, оқу сыныптарына экскурсия жүргізілді. Информатика, физика және жаңа үлгідегі биология, интеллектум және робот техникасы кабинеттері ерекше қызықтырды, онда оқушылар өздерінің дағдылары мен қабілеттерін көрсетті. Мектеп-лицейінің директоры А. Есмаганбетов мектептің материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасы туралы баяндап, өз оқушыларының халықаралық жобаларға қатысқандығы туралы жетістіктерін айтты.

Р.Әбдікеров Елбасы Жолдауында қойылған негізгі тапсырмаларды түсіндіру мақсатында педагогикалық құраммен кездесті. Атап айтқанда, халықтың табыс деңгейлерін, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде мұғалімдердің мәртебесін, жалақыларын, білім беру сапасын арттыру бойынша, сондай-ақ ұстаздарға қажетті жағдайлар жасалатынын, мектепке дейінгі білім беруді қамтуын кеңейту жөнінде жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Баяндамасын қорыта келіп, Президенттің Жолдауы – көп жылдарға мемлекетіміздің даму динамикасын айқындайтын, маңызды стратегиялық құжат екендігін жеткізді. Сенатор аймақтың білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, білім беру бөлімінің басшылығына ерекше алғысын білдірді. Әрі қарай қаланың прокуратурасында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды, онда Р. Әбдікеров конституциялық заңнама жөнінде Сенаттың комитетімен сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жұмыс сапары шағын және орта бизнес нысандары: «Atletik» спорттық-сауықтыру кешені, «Матюхин» ЖК құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі кәсіпорыны мен «Капуста» жекеменшік балабақшасын аралаумен аяқталды. Қала әкімі С.Аймақов Р.Әбдікеровке көрсеткен ықыласына, өткізілген кездесулеріне алғысын білдіре отырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға барлық күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

         2018 ж. қазан айының он сегізі күні Сенат депутаты Саран қаласына барды. Сапар басында Рысқали Әбдікеров Ақтас кентінің әкімшілігі аппаратымен  және «Galex Plus» ЖШС ұжымымен кездесті.

Жүздесуде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттары туралы ашық әңгіме болды. Парламент депутаты халық өмірінің деңгейін көтеруге, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктері және жаңа несие саясатын пайдалану мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ өндіріс қуатын жаңғырту және жаңа технологияларды қолдану мәселелері де талқыланды. Одан кейін сенатор Саран қаласындағы №4  орта мектептің бастауыш сыныптарын аралап, бейнебақылау жүйесімен танысты. Оқушылар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүгінгі күні мектеп ішінде 15, сыртында 8 бейнекамера орнатылған. Сенатор мектеп ұжымына алғысын айтып және Жолдауда белгіленген міндеттерді ұстаздар үлкен жауапкершілікпен орындайды деген сенім білдірді.  

       2018 жылдың 19 қазанында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды  қаласына іс-сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдігіндегі актив жиынында ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы баяндама жасап, өз пікірін білдірді.  «Ел азаматтарының бүгінгі міндеті Президент алға қойған мақсаттарды жүзеге асырып, нақы нәтижеге қол жеткізу» - деді Сенат Төрағасы.  Мұнан соң Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Сенат депутаты Рысқали Қалиақбарұлы Әбдікеров Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болып, профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Шара барысында Сенат Төрағасы Президент бастамалары, әсіресе жастарға зор мүмкіндіктер беретінін атап өтті және жоғарғы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған тапсырмаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

       Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Рысқали  Әбдікеров және облыс әкімі Ерлан Қошанов «Луч» медициналық (жүйке) оңалту орталығында, құбырлар және полимер жасап шығаратын «КазПласт» кәсіпорнында, «Нәтиже» сүт фабрикасында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті.   

       Қорытындылап айтатын болсақ, өткін кездесулерде облыс тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясатына түсіністік танытып, қолдау білдірді және Сенат депутаты Рысқали Қалиақбарұлы Әбдікеровке  депутаттық еңбекте жаңа табыстар тіледі.

 

Бөлісу