Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

депутат Р. Әбдікеров Қарқаралы ауданында болды

04.03.2019 0

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның барысы және Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  Жолдауында жүктелген міндеттер мен  алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында, «Нұр Отан» партиясының  ХҮІІІ  съезінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттерді  халыққа жан- жақты түсіндіру мақсатында  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р. Қ. Әбдікеров 4 наурыз күні Қарқаралы ауданындп болып халықпен кездесті. Сенат депутатының алғашқы іссапары Егіндібұлақ селосынан басталды.

         Алдымен осындағы  ет өнімдерін шығаратын  «Балқантау»  цехының жұмысымен танысты.  Шағын және орта бизнесті дамытуға бар күш салып, оған арнайы бағдарламалар жасап, қаражат бөліп отырған мемлекет саясатын толық қолдап отырған ауыл кәсіпкерлеріне ризашылық білдірген депутат ұжымға табысты еңбек тіледі.   

          Келесі кезекте селодағы  Агротехникалық  колледж,  Қ. Смайлов атындағы №43  орта мектеп пен «Айгөлек»  бөбекжай-бақшасын аралап көрген Р. Әбдікеров  білім беру саласының  жетістіктерін саралады.  Еліміздің  өркендеп өсуіне себепкер болатын өндіріс орталықтарына мамандар даярлайтын  колледждің мүмкіндіктері,  болашақ иелері балалардың  жоғары талап биігінен шығуы,  балабақшадағы  бүлдіршіндердің  алаңсыз қылықтары, ойын алаңдары  көңілден шықты.

         Ауыл халқымен кездесіп,  актив жиынын өткізген депутат көргендерімен ойға түйгендерін ортаға салып,  селоның келешегі барына кәміл сенім білдірді. Сондай – ақ  Елбасының  нақты тапсырмаларына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.  Елдің әлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуіне бағытталған бағдарламалар негізі сөз болып,  сұрақтарға жауап берілді.  Соның бірінде селодағы ардагерлер кеңесінің төрайымы С. Борамбаева ауыл еңбеккерлерінің  жалақысының төмендігі, зейнетақы қорының қазіргі жайы, қолдағы малымен күн көріп отырған халықтың өз ісін бастауға келгендегі несие алудағы кедергілері айтылды.  Ынтасы бар адамды айлап- жылдап құжат жинатып, соңында несиенің орнына салатын кепілі жоқ деп қайтаратын банкілердің кері қылықтары сөз болды.  Аудандық мәслихат депутаттары Р. Смағұлов, М. Адамовтар  ауыл жолдарының  жөнделуі жөнінде, білім саласындағы жаңалықтар мен  алдағы жазда аталып өтетін Кеңес Одағының батыры, әйгілі ұшқыш Нүркен Әбдіровтың 100 жылдығы хақында пікір қосты. Ауыл тұрғыны көп балалы ана А. Ахаева  тұратын үйінің тұратын үйінің тозғанын, суық болғандығынан отбасы мүшелері ауру- сырқауға ұшырағандықтарын айтып көмек сұрады. Бұл жөнінде аудан әкімі Х. Мақсұтов жауап беріп көмек берілетінін жеткізді.

         Осы күні сенат депутаты Р. Әбдікеров Балқантау ауылдық округінің орталығы Қарабұлақта  да  болып халықпен кездесу өткізді. Мұндағы мектеп, мешіт, спорт кешенін аралап көрген депутат тұрғындармен  ой бөлісті. Онда «Балқантау» шаруа қожалығының жетекшісі   М. Кұттина егістікке пайдаланбай қалған жерлерді  жайылымға айналдыру жөнінде, ардагер ақсақал А. Сүлешов  тендер жайында және ауыл тұрғыны Б. Кушенов мектеп мұғалімдерінің жетіспеушілігі хақында айтып   өтті.

          Алыс ауыл халқының жағдайымен танысып, ахуалын білген Парламент Сенатының депутаты Р. Қ. Әбдікеровке  аудан әкімі Х. Мақсұтов ел атынан алғыс білдірді. Өз кезегінде  Сенатор да  барлық мүмкіншілікке күш сала отырып елдің мұң- мұқтажына  көмек берілуіне ықпал ететінін айтып өтті.

  

 

Бөлісу