Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысындағы Шет ауданында болды

05.01.2020 0

Сенатор Рысқали Әбдікеров жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысындағы Шет ауданында болып, аудан активімен, Ақсу-Аюлы және Ақадыр ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Сенат депутаты аудан активімен кездесуде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол өз сөзінде шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылға мораторий жарияланғанын, ауыр қылмыс жасағандарға, алкогольді мас күйінде көлікті жүргізгені, есірткі қылмысы мен мал ұрлағаны үшін, сондай-ақ заңды бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты жаза қатайғанын атап өтті.

Сенатор «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы «Киікті» орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы, тұрғын үй құрылысына сметалық құжаттарды уақытылы дайындау жоспарланып отырғанын айтты.

  Депутат «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы ұлғаятынына назар аударды, бұл өз кезегінде жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жалғастыруға және ауылға мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Сенатор сапар аясында аудандық жұмыспен қамту орталығының және Ақадыр ауылындағы аурухананың жұмысымен танысты. Аурухана ұжымымен кездесуде міндетті медициналық сақтандыруға қатысты және денсаулық сақтау саласының басқа да мәселелері қозғалды.

Сенатор сондай-ақ Ақсу-Аюлы ауылындағы көп балалы Жасұлан Изатовтың отбасында болды. Депутат жаңа жылдық сыйлықтар тапсырып, 2020 жылдың қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар беріле бастайтынын атап өтті.

Бөлісу