Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысының Приозерск қаласында және Ақтоғай ауданында болды

09.01.2020 0

Приозерск тұрғындары сенаторға ауыз су мен орталық жылу беру мәселелері туралы айтты

 

Кен байыту фабрикасында болған кезде кәсіпорында 219-ға жуық адам жұмыс істейтіні және оның 80-і жергілікті тұрғындар екені айтылды.

Сенатор сапар барысында Приозерск қаласындағы №1 білім беру мектебінде болды. Рысқали Әбдікеров мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, қаладағы балабақшалардың мұғалімдері мен тәрбиешілерімен кездесу өткізді. Сенатор заңнамадағы кейбір өзгерістер туралы айтып, жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды. Депутат өз сөзінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне назар аударды.

Депутат көп балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін де көтерді. «Көпбалалы аналарға тұрғын үй беруді жеделдету үшін жалға берілетін 40 мыңға жуық пәтер салу жоспарлануда. Сонымен қатар, көп балалы аналарға 74 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек беріледі, ал төменгі сынып оқушыларына ай сайын берілетін әлеуметтік топтама қарастырылған, жоғары сынып оқушыларына тамақ берілетін болады», - деді Р.Әбдікеров.

Депутат кездесуде сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту туралы да айтты. «Құқық бұзушылықтардың ашылуы 70-80 пайызы медиация түрінде болады. Мал ұрлығы ауыр қылмыстық әрекеттер санатына ауыстырылды. Есірткіні қолдану және тарату үшін қылмыстық жауаптылық көзделетін болады. Зорлағаны үшін 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, сондай-ақ осы жылдың қаңтар айынан бастап шағын және шағын бизнес нысандарын тексеруге 3 жылға мораторий енгізілді», - деп атап өтті сенатор.

Сенатор қалалық мәслихат депутаттарымен және қызметкерлерімен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, құқық қорғау органдары мен жергілікті аумақтық кеңес өкілдерімен де кездесті. Жиналыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру мәселелері көтерілді, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Шараға қатысушылар кездесу барысында жолда жүру жылдамдығын реттеу, ауыз су және орталық жылыту мәселелері туралы өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

Рысқали Әбдікеров сонымен қатар Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына сапар кезінде аудан активімен, «Шашубай» кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аурухананың жай-күйімен танысып, ұжыммен кездескен сенатор міндетті медициналық сақтандыру мәселелерін және денсаулық сақтау саласына қатысты басқа да мәселелерді көтерді. Сенатор «Шашубай» ауылындағы сапарды аяқтай келіп, көп балалы Мәншүк Омарбекованың отбасында болды.

Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарының екінші жартысында Ақтоғай ауданындағы Тасарал ауылында орналасқан «Оңай» шаруа қожалығында болды. Шаруа қожалығының басшылығымен кездесу барысында депутат еліміздің ауыл шаруашылығын қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларын түсіндірді. Сенатор өз сөзінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тасарал ауылдық округіндегі 13 шақырым жол бойында жұмыстар қолға алынғанын айтты. Депутат сонымен қатар «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандардың көтерме жәрдемақыларын ұлғайтуға назар аударды, сонда ауылға жас мамандар көптеп келетін болады.

 

 

 

 

http://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/1264

Бөлісу