Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

26.02.2020 0

«2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Төраға !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасының мақсатының негізі - Ұйымның Бас хатшысы орынбасарларына дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет беру арқылы әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған.

Бұдан басқа, Келісімге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысының редакциялық терминологиясына сәйкес келтіруге бағытталған «Өкілетті өкілдер» ұғымы «Тұрақты және Өкілетті өкілдер», және де «Өкілетті өкілдер» ұғымы «Тұрақты өкілдер» болып ауыстырылған.

Сондай-ақ Хаттаманы ратификациялау Ұйымға мүше мемлекеттердің ұйым Бас хатшысының орынбасарлары лауазымдарын атқаратын өкілдерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін тиімді болады деп пайымдаймыз.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.

Заң жобасы бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

 

Құрметті әріптестер!

 

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу