Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша Сенат отырысында қосымша баяндама жасады

19.03.2020 0

Рахмет!

ҚР Парламент

Сенатының отырысы

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінде - еліміздің Бразилия Федеративтік Республикасымен дипломатиялық ынтымақтастығы 25 жылдан астам қарқынды дамып келеді. Бұл, өз кезегінде, екі ел арасындағы сауда, ауыл шаруашылығы, туризм және инвестициялар сияқты са-ла-лар-дағы ынтымақтастықты арттыруда.

Қазіргі кезеңде, халықаралық қатынастар жедел дамып, техникалық прогресс өркендей түскен уақытта бір мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адам - оның шегінен шығып, басқа мемлекеттің аумағында жасырынып, қылмыстық әрекетін жалғастыруы мүмкін екені баршаға мәлім.

Осыған орай, мемлекеттердің мұндай әрекеттерге тосқауыл қою жолындағы өзара күш-жігерді біріктіре отырып, қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру институтын дамытуды қолға алып, халықаралық құқықтық қарым-қатынасты тереңдете түсу, бұл – заңдылық.

Осы ретте, бүгін Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған Шарт - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру мәселелерінде Бразилиямен қарым-қатынасты реттеу арқылы - қылмыстылықпен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ, Шартта ұстап беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер айқындалған. Шартты жүзеге асыру тиімді халықаралық-құқықтық белсенділікті нығайта түседі.

Сонымен бірге, адам құқықтарын қорғау дәрежесін халықаралық деңгейге сәйкестендіреді.

Заң жобасы Комитеттердің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды. Оң қорытындылар алынды.

Осы айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу