Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

25.05.2020 0

«Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Төраға !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарауымызға ұсынылып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде - ақпарат алмасу ынтымақтастығын ұйымдастыруға бағытталған.

Заң жобасы мемлекеттік кірістер органдарына алынған мәліметтерді тауарларды әкелу кезіндегі тәуекелдерді және кедендік бақылаудан жалтару жағдайларын азайту үшін кедендік әкімшілендіру мақсатында қолдануға мүмкіндік беретін болады.

Заң жобасының міндеті ақпарат алмасудың негізгі кезеңдерін, тараптардың өзара іс-қимыл тетігін және мәліметтердің көлемі мен құрамына қойылатын талаптарды реттеу болып табылады.

Заңды қабылдау нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Қытай Халық Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға, кедендік күқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттардың бұзылуын болғызбауға, оларды анықтауға және жол бермеуге ықпалын тигізетін болады. 

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.

Заң жобасы бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу