Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2021 ЖЫЛҒЫ 1-10 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р. ӘБДІКЕРОВТЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ЖАСАҒАН ІС-САПАРЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

28.10.2021 0

2021 ЖЫЛҒЫ 1-10 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Р. ӘБДІКЕРОВТЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ЖАСАҒАН ІС-САПАРЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

 

Өткізу күні Өткізу орыны Қорытынды/ұсыныстар
1 01.07.2021 ж. Сенатор Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Сайлауұлы Тоқсамбаевпен бірге проф.Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға барды, онда медицина қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысында дәрігерлердің алдында тұрған мәселелерді талқылады. Кездесуде облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері талқыланды.
2 02.07.2021 ж. Сенатор сондай-ақ, Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен және қалалық мәслихат қызметкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесулер барысында ол Сенат қабылдаған және Президент қол қойған бірқатар заңдардың негізгі нормалары туралы айтты. Кездесуде Бұқпа өзенінің арнасын қалпына келтіру мәселесі талқыланды. Бүгінде өзен арнасы тығыз шөппен толып, кейбір жерлерде батпаққа айналды. Рысқали Әбдікеров бұл шешімді қолдап, қаржыландыруды шешуге көмектесуге уәде берді.
3 07.07.2021 ж. Сенатор Балқаш қаласында болып, қаланың білім беру нысандары мен әлеуметтік дүкендерін аралады. Депутат қаланың орта мектебінің қызметімен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Ол көпфункционалды кортты, спорт алаңын, спорт залы мен оқу кабинеттерін аралап көрді. Депутатты пәндік кабинеттерді компьютерлік техникамен және оқу әдебиетімен жабдықтау мәселелері қызықтырды. Сонымен қатар, кездесу барысында сенатор оқу орны ғимаратының сыртын жөндеу қажеттігін атап өтті.
Халықты толғандыратын мәселелердің қатарында – тауарларға, оның ішінде бірінші қажеттіліктегі өнімдерге бағаның өсуі. Балқаш қаласындағы жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін сенатор әлеуметтік дүкендерге барды. Бүгінгі таңда қалада 13 азық-түлік павильондары мен коммуналдық дүкендер жұмыс істейді, олармен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды. Депутат атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар беріп, мұның қала тұрғындары үшін аса маңызды екенін атап өтті. Әкімдік өкілдерімен кездесу барысында Балқаш қаласында коммуналдық базардың ашылуы туралы да сөз болды.
Сапар соңында сенатор қала тұрғындарымен кездесті, онда қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер, елді мекеннің даму перспективалары және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.
 
4 08.07.2021 ж. Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Приозерск қаласына сапары барысында қалалық сот қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, сапар барысында Рысқали Әбдікеров әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тексеру мақсатында қаланың ірі дүкендерін аралап шықты.
Сонымен қатар, Рысқали Әбдікеров қалалық мәслихатқа барып, депутаттармен кездесті.
 
Қалалық сот қызметкерлерімен әңгімелесу барысында ол дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту перспективаларын, қылмыстық процестің үш буынды моделінің тиімділігін атап өтті.

Начало формы

Конец формы

Сонымен бірге, ашықтық пен жариялылық сот-атқарушы орган жұмысының айқындаушы өлшемі болуға тиіс.
Осы тұрғыда, сенатор әрбір адам толық теңдік негізінде оның ісін ашық қарауға және әділдіктің барлық талаптарын тәуелсіз және бейтарап соттың сақтауына құқығы бар екенін атап өтті.

Начало формы

 
 
 
Депутаттар мен қатысушылар сенатормен қаланың, сондай-ақ республиканың тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, оларды аз қамтылған көп балалы отбасыларды әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары Приозерск қаласында жастар кешенінің құрылысын бюджеттен қаржыландыру қажеттілігі мәселесін көтерді. Сенатор бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алуға уәде берді.
5 09.07.2021 ж. Сенат  депутаты  жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына  келді.  Сапарының барысында бір қатар кәсіпкерлік нысандары «Айтуған» коммуналдық базары, «Мизам» сауда үйі, және «Береке» сауда орталығына  барып,  жұмыстарымен танысты.
     Сенат депутаты сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттарымен және аудан активімен кездесті.
Кәсіп иелерімен кездесуде сала бойынша бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алысып, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, жеңілдіктер сондай-ақ нарықтағы баға жөнінде ұсыныс пікірлер айтылды.
        Сонымен қатар аудандық полиция бөліміне барып, құқыққорғау органдарының мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларды тәрбиелеу құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде, сондай-ақ мал ұрлығынын алдын алу, мал бағымын ұйымдастыру жөнінде мәселелер қаралды.     
Жұмыс сапары барысында Рысқали Қалияқбарұлы аудандық ардагерлер үйінде еңбек ардагерлермен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Ардагерлер шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелер, яғни жол жөндеу, аудан орталығына кәріз жүйесі құрылысын салу, электр жүйесі жөнінде мәселелер көтеріп, депутаттан осы жұмыстардың шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Өз кезегінде, Р.Қалияқбарұлы, аталған мәселелер бойынша тиісті орындарға жеткізетіндігін, оң шешімін табуға ықпал ететін жеткізді.  
6 10.07.2021 ж. Сенат депутаты Р.Қ.Әбдікеров іс-сапармен Шет ауданына келді. Іс-сапар барысында аудандық орталық ауруханасында 2020 жылы өткен күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысып, кейіннен аудан әкімдігінде  активтермен жиын өткізді.         Аудан активтерімен кездесу барысында, Сенат депутаты Р.Қ.Әбдікеров, аудандағы өзекті мәселелі сұрақтарды талқылады. Ауданымызға қарасты Ақжал кентіндегі мәселе ретінде қарастырылып келген жол, жарық, кәріз жүйесі бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаражат қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Р.Қ.Әбдікеров тұрғындар сауалдарына да жауап берді.
Жиынға аудандық Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық сот жүйесі, прокуратура қызметкерлері, аудандық прокурор, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу