Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы » ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобын өткізді

14.09.2021 0

«Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

 

14 қыркүйек  2021 ж.

сағ.11.00-де

 

 

Жұмыс тобына қатысушылар:

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ

ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ

 

1. ОМАРОВ ЕРМЕК  ҚАСЫМҒАЛИҰЛЫ - Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары 

2. КЕРЕЙ БЕКБЕРГЕН ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ- Халықаралық қатынастар  департаменті директорының орынбасары

3. МӘДЕНОВА АЙГҮЛ ЕСІРКЕГЕНҚЫЗЫ - Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының бас сарапшысы

 

Сұрақ қою, талқылау

 

1. 2018 жылғы 20 шілдедегі Мәскеуде Әзірбайжан, Иран, Қазақстан Республикалары, Ресей Федерациясы және Түрікменстан қол қойған трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Хаттаманы бүгінгі танда қандай мемлекеттер ратификациялады?

ЖАУАБЫ.

Хаттаманы үш мемлекет ратификациялады: 2019 жылғы 16 тамызда Әзірбайжан Республикасы; 2019 жылғы 13 желтоқсанда Ресей Федерациясы; 2020 жылғы 22 тамызда Түрікменстан. Қазақстан мен Иран ратификациялау процесінде.

(Какими государствами ратифицирован на сегодня Протокол об оценке воздействия на окружающую среду в трансграничном контексте, подписанный Республиками Азербайджан, Иран, Казахстан, Российской Федерацией и Туркменистаном в Москве от 20 июля 2018 года?

ОТВЕТ. Протокол ратифицирован тремя государствами: 16 августа 2019 года Азербайджанской Республикой; 13 декабря 2019 года Российской Федерацией; 22 августа 2020 года Туркменистаном. Казахстан и Иран в процессе ратификации)

 

 

        2. Бүгінгі қаралып отырған Хаттама 2003 жылғы 4 қарашадағы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияға сәйкес әзірленген.

        Осыған орай сұрақ: Осы Конвенция аясында қанша хаттама жасалды? Қазақстан қаншасына қол қойды және ратификациялады? Сондай-ақ қандай хаттамалар жоспарланып отыр?

ЖАУАБЫ.

Қазіргі уақытта негіздемелік конвенцияға 5 хаттама әзірленді, оның ішінде 4 хаттамаға қол қойылды және 1 хаттама келісу сатысында:

1. Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық жөніндегі хаттама (Ақтау хаттамасы)(ҚР 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V Заңымен ратификацияланған және 2016 жылғы 26 маусымда күшіне енді).

Хаттаманың мақсаты Каспий теңізінде теңіз түбіндегі қызметтен туындаған мұнаймен ластанған, сондай-ақ теңіз кемелерден және жер үсті көздерінен мұнаймен ластанған жағдайда дайындық, ден қою және ынтымақтастық жөніндегі өңірлік шараларды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта Каспий теңізінде төтенше жағдайлар кезінде мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша өңірлік ынтымақтастық бойынша жоспар (жоспар жобасы) әзірленуде, оның негізінде «Каспий теңізі Альфа» - «қағаз оқу-жаттығуы» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, оның мақсаты ұйымдастыруға, байланысқа, логистикаға және т. б. қатысты мәселелерді талқылау үшін база құру болып табылады.

2. Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттама (Мәскеу хаттамасы).Хаттамаға 2012 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Тегеран конвенциясы тараптарының Төртінші Конференциясында Каспий маңы елдері қол қойды. Бүгінгі таңда хаттаманы Әзербайжан, Иран және Түрікменстан ратификациялады.

Хаттаманы іске асыру мақсатында теңіз ортасының және Каспий теңізінің жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде теңіз акваториясына жерүсті көздерінен ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы деректер базасын құру және жүргізу болжанады. Қазіргі уақытта Министрлік осы Хаттаманы ратификациялау бойынша жұмыс жүргізуде. ҚР Парламенті Мәжілісінде қарауда жатыр.

3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттамаға 2014 жылғы 30 мамырда Иран Ислам Республикасы мен Түрікменстан қол қойды.

Хаттаманың мақсаты Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесін қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ оның биологиялық ресурстарын орнықты пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта осы Хаттаманы ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Парламенті Мәжілісінде қарауда жатыр.

4. Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттама.

Хаттамаға 2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеу қаласында (РФ) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция Тараптары конференциясының кезектен тыс сессиясында қол қойылды. Ратификациялау сатысында тұр.

5. Каспий теңізінің теңіз ортасының жай-күйі туралы мониторинг, бағалау және ақпарат алмасу жөніндегі хаттаманы (жобаны)Каспий маңы елдерінің сарапшылары әзірлеуде. Осы Хаттаманың мақсаты қоршаған орта мониторингін реттеу және қамтамасыз ету, оны бағалау және конвенцияны және оған хаттамаларды іске асыруды қолдау үшін Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға қатысы бар ақпарат алмасу болып табылады. Бүгінгі таңда Каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылары хаттама жобасын БКБ режимінде талқылауда.

(Рассматриваемый сегодня Протокол разработан в соответствии с Рамочной конвенцией по охране морской среды Каспийского моря от 4 ноября 2003 года. В связи с этим вопрос: сколько протоколов было составлено в рамках настоящей Конвенции? Сколько Казахстан подписал и ратифицировал? А также какие протоколы планируются?

ОТВЕТ.

К настоящему времени к Рамочной конвенции подготовлены 5 протоколов, из них подписаны 4 Протокола и 1 Протокол на стадии согласования:

  1. Протокол по региональной готовности, реагировании и сотрудничестве в случае инцидентов, вызывающих загрязнение нефтью (Актауский протокол) атифицирован Законом РК от 18 марта 2016 года № 474-V ЗРК и вступил в силу 26 июня 2016 года).

Целью Протокола является обеспечение региональных мер по готовности, реагированию и сотрудничеству в случае загрязнения Каспийского моря нефтью, вызванного деятельностью на морском дне, а также загрязнения моря нефтью с судов и из наземных источников. В настоящее время, ведется разработка Плана по региональному сотрудничеству по борьбе с загрязнением  нефтью в случаях чрезвычайной ситуации на Каспийском море (проект Плана), на основе которого проведены командно-штабные учения «Каспийское море Альфа»-«бумажное учение», целью которого является создание базы для обсуждения вопросов, касающихся организации, связи, логистики и т.д.

2. Протокол по защите Каспийского моря от загрязнения из наземных источников и в результате осуществляемой на суше деятельности (Московский протокол). Протокол подписан на состоявшейся в 2012 году в г. Москва (Российская Федерация) Четвертой Конференции Сторон Тегеранской конвенции прикаспийскими странами. На сегодняшний день, Протокол ратифицированАзербайджаном, Ираном и Туркменистаном.

В целях реализации Протокола предполагается создание и ведение базы данных о физических, биологических и химических характеристиках морской среды и прибрежных районов Каспийского моря, в том числе об объемах поступления на акваторию моря загрязняющих веществ из наземных источников.В настоящее время Министерством проводится работа по ратификации данного Протокола. Находится на рассмотрении в Мажилисе Парламента РК.

  1. Протокол о сохранении биологического разнообразия, подписан 30 мая 2014 года Исламской Республикой Иран и Туркменистаном.

Целью Протокола является охрана, сохранение и восстановление биологического разнообразия и экосистемы Каспийского моря, а также обеспечение устойчивого использования его биологических ресурсов.  В настоящее время проводится работа по ратификации данного Протокола. Находится на рассмотрении в Мажилисе Парламента РК.

4. Протокол по оценке воздействия на окружающую среду в трансграничном контексте. 

Протокол подписан 20 июля 2018г. в г. Москва (РФ) на Внеочередной сессии Конференции Сторон Рамочной конвенции по защите морской среды Каспийского моря.  Находится на стадии ратификации.

5. Протокол по мониторингу, оценке и обмену информацией о состоянии морской среды Каспийского моря (проект), находится в разработке экспертами прикаспийских стран. Целью данного Протокола является регулирование и обеспечение мониторинга окружающей среды, ее оценка и обмен информацией, имеющей отношение к охране морской среды Каспийского моря в поддержку реализации Конвенции и протоколов к ней. На сегодняшний день, экспертами прикаспийских государств проводятся обсуждения проекта протокола в режиме ВКС).

3. Қоршаған ортаға келтіретін зиянды болдырмау мәселесі ұлттық деңгейде дұрыс шешілмейінше, Хаттаманың тиімділігі тиісінше  болмайды.

Осыған орай сұрақ: Қоршаған ортаға әсерді бағалаумәселелері заңнамалық деңгейде жеткілікті реттелген бе? Және бұл хаттаманы қабылдасақ, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болады ма?

ЖАУАБЫ.

Хаттама ратификацияланған жағдайда экологиялық заңнаманы келтіру талап етілмейді. Трансшекаралық әсер етудің ҚОӘБ мәселелері Экология Кодексімен реттелген, трансшекаралық контекстегі ҚОӘБ рәсімінің негізгі өлшемдері мен ережелері Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары, Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық, Экологиялық рұқсат беру қағидалары сияқты заңға тәуелді актілерде көзделген.

(Эффективность протокола без правильного решения проблемы предотвращения вреда окружающей среде на национальном уровне не будет адекватной. В связи с этим вопрос: достаточно ли урегулированы на законодательном уровне вопросы оценки воздействия на окружающую среду? И нужно ли будет вносить изменения в действующее законодательство, если мы примем этот протокол?

ОТВЕТ.

Приведение экологического законодательства в случае ратификации Протокола, не требуется. Вопросы ОВОС трансграничного воздействия урегулированы Экологическим Кодексом, основные критерии и положения процедуры ОВОС в трансграничном контексте предусмотрены в подзаконных актах, таких как Правила проведения общественных слушаний, Инструкция по организации и проведению экологической оценки, Правила выдачи экологических разрешений)

 

 

4. Қазіргі танда қоршаған орта мен адам денсаулығына, әсіресе «су-балық (теңіз өнімдері)- адамның денсаулығы» тізбегі бойынша экологиялық жағынан қауіпті әрекеттердің нақты теріс әсерін, соның ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау техникалық құралдар мен мүмкіндіктер қаншалықты өз деңгейінде жеткілікті дамыған?

ЖАУАБЫ.

Хаттама көп жақты жобаларды, Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі бағдарламаларды көздейді. Мысалы, «НКОК» компаниясы Каспий итбалығының популяциясын зерттеу жөніндегі бағдарламаны іске асыруда.

«НКОК» компаниясы 2005-2012 жылдар аралығында Каспий итбалығын зерттеушілердің халықаралық тобын (CISS) тарта отырып, өндірістік қызметтің итбалықтарға тигізетін әсеріне көпжылдық зерттеулер ұйымдастырды, оның нәтижелері бойынша Ресеймен бес жылдық мемлекетаралық «Солтүстік Каспий акваториясында Каспий итбалығын зерттеу бағдарламасы (2019-2023 жж.)» құрылды. Зерттеудің мақсаты Каспий итбалығы популяциясының Каспий теңізі фаунасының эндемигі ретіндегі қазіргі жай-күйін және Каспий экожүйесі жай-күйінің индикатор-түрін зерттеу болып табылады. Зерттеулерде қазақстандық тарап балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы (БШ ҒӨО), Микробиология және вирусология ғылыми - өндірістік орталығы (МиВ ҒӨО), «Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС, «Экологиялық зерттеулердің Орталық–Азиялық институты» ЖШС, ал Ресей тарапы – федералдық мемлекеттік ғылыми мекемелер – Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми–зерттеу институты (ББШОҒЗИ) және Ресей Ғылым академиясының А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция проблемалары институты (РҒА ЭЭПИ) болып табылады. Бағдарламаны орындау барысында итбалықтардың популяциясын авиа есепке алу, популяцияның әл-ауқатын зерттеу (биохимиялық, физиологиялық, генетикалық, серологиялық көрсеткіштерді бағалау) және итбалықтардың көші-қоны (спутниктік маяктармен белгілеу) бойынша жұмыстар орындалады.

Екі ел ғалымдарының зерттеулері екі елдің уәкілетті мемлекеттік органдарының жетекші мамандарымен – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен және РФ балық аулау жөніндегі Федералдық агенттігімен келісілді.

«НКОК» компаниясы қаржыландыратын бес жылдық бағдарлама Каспий итбалығын барлық Каспий маңы елдері үшін сақтау жөніндегі ғылыми негізделген табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу үшін негіз қалаушы ақпарат береді.

Бағдарламалар бойынша есептер жыл сайын компанияның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық зерттеулер, жобалар мен бағдарламалар компания қаражаты есебінен қаржыландырылады. Каспий итбалығын кешенді зерттеуге инвестициялау көлемі – 21 333 мың теңге.

(Насколько в современном мире достаточно развиты технические средства и возможности оценки реального негативного воздействия экологически опасных действий на окружающую среду и здоровье человека, особенно по цепочке «вода-рыба (морепродукты)-здоровье человека», в том числе воздействия на окружающую среду?

ОТВЕТ.

  1. Протокол предусматривает многосторонние проекты, программы по сохранению биоразнообразия Каспия. К примеру, Компания НКОК реализует программу по изучению популяции каспийского тюленя.

Компания НКОК организовала многолетние исследования влияния производственной деятельности на тюленей с привлечением Международной группы исследователей каспийского тюленя (CISS) с 2005 по 2012 годы, по результатам которых создана пятилетняя межгосударственная «Программа исследований каспийского тюленя в акватории Северного Каспия (2019-2023 гг.)» с Россией.  Целью исследований является изучение современного состояния популяции каспийского тюленя как эндемика фауны Каспийского моря и вида-индикатора состояния экосистемы Каспия. В исследованиях казахстанская сторона представлена научно-производственным центром рыбного хозяйства (НПЦ РХ), научно – производственным центром микробиологии и вирусологии (НПЦ МиВ), ТОО «Казахстанское Агентство Прикладной Экологии», ТОО «Центрально–Азиатский Институт Экологических Исследований», а российская сторона – федеральными государственными научными учреждениями - Всероссийским научно–исследовательским институтом рыбного хозяйства и океанографии (ВНИРО) и Институтом проблем экологии и эволюции имени А.Н. Северцова Российской Академии Наук (ИПЭЭ РАН). В ходе выполнения программы выполняются работы по авиаучету популяции тюленей, изучению благополучия популяции (оценка биохимических, физиологических, генетических, серологических показателей) и миграции тюленей (мечение спутниковыми маяками).

         Исследования ученых двух стран согласованы с ведущими специалистами уполномоченных государственных органов обеих стран – Комитетом лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК и Федеральным агентством по рыболовству РФ.

         Финансируемая Компанией НКОК пятилетняя программа даст основополагающую информацию для разработки научно обоснованных природоохранных мероприятий по сохранению каспийского тюленя для всех прикаспийских стран.

Отчеты по программам ежегодно публикуются на официальном интернет-ресурсе компании.

Все исследования, проекты и программы по охране окружающей среды финансируются за счет средств компании. Объем инвестирования на комплексные исследования Каспийского тюленя- 21 333 тыс . тенге)

 

5. Хаттамада Қоршаған ортаға әсерді бағалаупроцесіне қоғамның қатысуына көп көңіл бөлінген, алайда экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы туралы нақты айтылмаған, ал бұл қоғамның тиімді қатысуына  әсер етуі мүмкін бе?

ЖАУАБЫ.

Хаттама мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдарымен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП-мен ескертулерсіз келісілді.

(Был ли всесторонне обсужден и согласован проект протокола с экологическими неправительственными организациями? Какие были предложения и замечания, если они были согласованы, и были ли они учтены?

ОТВЕТ.  Протокол согласован без замечаний с заинтересованными государственными органами и организациями субъектов частного предпринимательства, в том числе с НПП «Атамекен»)

 

6. Хаттама жобасы экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен жан-жақты талқыланып, келісілді ме? Келісілген болса, қандай ұсыныстар мен ескертулер болды және олар ескерілді ме?

ЖАУАБЫ.

Қоғамдық тыңдаулар трансшекаралық ықпал ету тараптарының ұлттық заңнамасына сәйкес өткізіледі. Трансшекаралық әсер ету жағдайында Қазақстан Экологиялық кодекстің 73-бабына сәйкес, қажет болған жағдайда, мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Ұлттық палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүшелері болып табылатын сараптама комиссиясының тетігін тарта отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

(В протоколе большое внимание уделено участию общества в процессе оценки воздействия на окружающую среду, однако не указано конкретно об участии экологических неправительственных организаций, а может ли это повлиять на эффективное участие общества?

ОТВЕТ.

Общественные слушания проводятся в соответствии с национальным законодательством затрагиваемых сторон трансграничного воздействия. В случае трансграничных воздействий Казахстан проводит общественные слушания согласно ст.73 Экологического кодекса, при необходимости с привлечением механизма Экспертной комиссии, членами которой являются представители заинтересованных госорганов и национальной палаты «Атамекен» и неправительственных организаций)

 

 

7. Осы Хаттамаға сәйкес жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізіледі деп көрсетілген.

Осыған орай сұрақ: Бұл Бағалау қандай мерзімге беріледі және осы жоспарланған қызметті жүзеге асыру барысында да осындай бағалау жүргізіліп отырады ма?

ЖАУАБЫ.

Жалпы, ел ішіндегі ҚОӘБ рәсімі жоспарланып отырған қызмет туралы өтінішті қарауды, мүдделі мемлекеттік органдардан ұсыныстар алуды, қоғамдық тыңдаулар өткізуді және ҚОӘБ нәтижелері бойынша түпкілікті қорытынды дайындауды ескере отырып, шамамен 2,5 айды алады.

Трансшекаралық контексте ҚОӘБ қозғалатын Тараптың жұртшылығымен талқылау және мүдделі Каспий маңы мемлекеттерімен ҚОӘБ хаттамасында және Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық Кодексінің 81-бабының 7-тармағында (180 күннен аспайтын) айқындалған мерзімде консультациялар өткізу жолымен жүргізіледі, шамамен 6 айды құрайды.

Қоғамдық тыңдауларда көтерілген мәселелер бойынша түпкілікті шешімді мүдделі Каспий маңы мемлекеттерінің ұсынымдарын ескере отырып, қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері мүшелері болып табылатын сараптама комиссиясының тетігін тарта отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

(Указано, что в соответствии с настоящим протоколом проводится оценка воздействия планируемой деятельности на окружающую среду. В связи с этим вопрос: на какой срок дается данная оценка и проводится ли такая оценка в ходе осуществления данной планируемой деятельности?

ОТВЕТ.

В целом, процедура ОВОС внутри страны занимает около 2,5 месяцев с учетом рассмотрения заявления о намечаемой деятельности, получения предложений от заинтересованных госорганов, проведения общественных слушаний и подготовки окончательного заключения по результатам ОВОС.

ОВОС в трансграничном контексте проводится путем обсуждения с общественности затрагиваемой стороны и проведения консультаций с заинтересованными прикаспийскими государствами в срок, определенный протоколом ОВОС и п.7 ст.81 нового Экологического кодекса Республики Казахстан (не более 180 дней), составит около 6 месяцев.

Окончательное решение по вопросам, поднятым на общественных слушанияхпринимает уполномоченный орган в области охраны окружающей среды с учетом рекомендаций заинтересованных прикаспийских государств, при необходимости с привлечением механизма Экспертной комиссии, членами которой являются представители заинтересованных госорганов и национальной палаты «Атамекен»)

 

 

 

Бөлісу