Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобын өткізді

18.10.2021 0

«2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр»

ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы

келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы

ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын жұмыс тобының отрысында

(18.10.2021 ж., сағ. 11-00) қарау барысында

қойылған сұрақтарға жауаптар

Сұрақ 1.    Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу барысында Хаттама жобасының қазақ тіліндегі мәтінінде 57 қате анықтаған.

Осыған орай сұрақ: небәрі 4 баптан тұратын  хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні неге осыншама сапасыз дайындалған?

Жауап:

Хаттаманың мәтіні Ресей тарапымен бірлесіп келісілді.

Мәтінді орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуды ЦДИАӨМ құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырды.

Ғылыми-лингвистикалық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін ҚР заңнама және құқықтық ақпарат Институтының барлық ескертулері ескерілді.

Хаттама мәтіні ҚР Парламенті Мәжілісіне сараптамадан өтуге жіберіліп, тағы да ескертулер берілді.

Хаттама барлық сараптамалардың қорытындысын ескере отырып, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілді.

 

Сұрақ 2. Жобада Ресей тарабы тасымалдағыш зымыранды құруды қамтамасыз етеді, ал Қазақстан тарабы қолданыстағы «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешенінің жерүсті кешенін жаңғыртуды қаржыландыруды мемлекеттік тапсырма арқылы орындауды қамтамасыз етеді делінген, осы туралы толық түсіндіріп, баяндап беріңізші.

Жауап:

Өзіңіз айтып өткендей осы хаттамаға сәйкес жобада Ресей тарабы тасымалдағыш зымыранды құруды қамтамасыз етеді, ал Қазақстан тарабы қолданыстағы «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешенінің жерүсті кешенін жаңғыртуды қаржыландыруды мемлекеттік тапсырма арқылы орындауды қамтамасыз етеді.

Ресей тарапынан жалпы шығындардың сомасы шамамен 916 млн. АҚШ доллары көзделген.

Осы қаражат перспективалы «Союз-5» зымыран тасығышы, оның техникалық және ұшыру кешендеріндегі бақылау-тексеру аппаратурасы, және де түрлі арнайы жүйелер  құрыластыруға пайдаланады.

Қазақстан тарапынан жалпы шығындардың сомасы шамамен 90,795 млн. теңге (233,12 млн.)

Осы қаражат  «Байқоңыр» кешеніндегі «Бәйтерек» Ғарыш Зымыран Кешені құрамдас бөліктерін, яғни техникалық кешенін (ТК), старттық кешенін (СК) және оқу-жаттығу құралдарын құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Зымыран Тасығыш бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын ашуға пайдаланады.

 «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын қаржыландыру мерзімі мен көлемі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесімен айқындалады.

 

Сұрақ 3.     «Байқоңыр» ғарыш айлағында ресейлік ғарыш зымыран кешенінің базасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің экологиялық қауіпсіздік деңгейі қаншалықты жоғары болмақ?

Жауап: 

«Бәйтерек» жобасының қолданыстағы «Зенит-М» ҒЗК жерүсті инфрақұрылымының базасында іске асырылатынын, ал жобада пайдаланылатын перспективалы «Союз-5» («Союз-6») ЗТ «Зенит» ЗТ ұқсас отын компоненттерінде (керосин – сұйық оттегі) ұшатындығын ескере отырып, экологиялық әсердегі өзгерістер болжанбайды. Осыған байланысты, «Бәйтерек» жобасының экологиялық әсерін есептеу кезінде аналог ретінде «Зенит-М» ҒЗК нақты деректері алынды, олар ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) құжаттамасында ескерілген.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» жобасы әсерінің барлық есептік көрсеткіштері рұқсат етілген экологиялық нормалар шегінде, бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысымен расталған (02.10.2019 ж. № KZ96VCY00131731).

Бұдан басқа, «Бәйтерек» ҒЗК негізгі міндеттерінің бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады, оның шешімі «Протон» ЗТ ауыстыруға мүмкіндік береді және 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы Келісімнің 3-бабы мен 4-бабында көзделген.

Апат болған жағдайда өтемақы алудың заңды негіздері.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы Келісімнің 10-бабына сәйкес «осы Келісімге сәйкес аварияның зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және залалды өтеуге байланысты шығыстарды Ресей тарапы үкімет комиссиялары жұмысының қорытындылары бойынша, қол қойылған аварияның салдарын бағалаудың екіжақты актілерінің негізінде келісілген көлемде жүзеге асырады».

 

Сұрақ 4.     «Бәйтерек» кешенді құру және пайдалану кезінде қанша жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда?

Жауап:

Қолданыстағы ғарыштық кешендердің жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, «Бәйтерек» ғарыштық кешені аясында 500 -ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Болашақта кәсіпорынның жұмыс кезеңіндегі максималды жүктемесіне жеткенде персонал санын 1000 адамға дейін жеткізу жоспарлануда.

Адамдардың саны Байқоңыр ғарыш айлағындағы басқада ұқсас келесі ғарыш кешендерінің тәжірибесінен құралған:

Союз зымыран тасығыш ұшыру алаңында - 800 адамға дейін;

Протон зымыран тасығыш техникалық алаңында – 400 адамға дейін.

 

Сұрақ 5.

Бүгінгі күні ғарыш қызметі саласында өзіміздің білікті кадрларды дайындау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Жауап:

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мынадай бағыттар бойынша ғарыш саласы үшін мамандар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде:

1) Байқоңыр қаласында орналасқан Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында және «Болашақ» Халықаралық бағдарламасы бойынша Қазақстанның бес базалық жоғары оқу орнында мамандар даярлау;

2) ғарыш саласы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Бірінші бағыт бойынша.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша базалық білім беру ұйымдарының тізбесіне ғарыш саласы үшін мамандар даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындарының ретінде мынадай 5 жоғары оқу орындарының айқындалды:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

Алматы энергетика және байланыс университеті;

Азаматтық авиация академиясы.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау 3 мамандық бойынша жүзеге асырылады: «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану», «Авиациялық техника және технологиялар» және «Ғарыштық техника және технологиялар».

Сондай-ақ, ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыштық мамандықтар бойынша қазіргі уақытта 13 адам оқиды. 2005-2020 жылдары ғарыш саласы бойынша бакалавриат, магистратура және тағылымдама бағдарламалары бойынша 113 адам оқуын аяқтады.

1996 жылдан бастап Байқоңыр қаласында орналасқан Мәскеу авиациялық институтының «Восход" филиалында» (бұдан әрі – МАИ «Восход» филиалы) қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының ғарыш саласы үшін оқыту жүргізілуде. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Восход» филиалында студенттерді оқыту үшін жыл сайын 45 грант бөлуді қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда 185 қазақстандық студент білім алуда, оның 75-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша, 90-ы РФ федералдық бюджеті бойынша және 20-сы өз қаражаты бойынша.

 

Оқу жылы Қаржыландыру көзі Жиыны
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ресей Федерациясының федералдық бюджеті Меншікті қаражат
Ұшу аппараттарын сынау
1 2016-2017 6 4 3  
 
80
2 2017-2018 5 9 2
3 2018-2019 5 7 0
4 2019-2020 11 7 0
5 2020-2021 13 8 0
Информатика және есептеу техникасы
6 2017-2018 1 5 0  
 
57
7 2018-2019 2 7 3
8 2019-2020 9 8 2
9 2020-2021 9 9 2
Қолданбалы математика
10 2017-2018 0 7 0  
 
37
11 2018-2019 0 9 0
12 2019-2020 2 5 7
13 2020-2021 2 5 0
Менеджмент
14 2017-2018 4 0 0  
 
10
15 2018-2019 3 0 0
16 2019-2020 1 0 1
17 2020-2021 2 0 0

 

Екінші бағыт бойынша.

005 «Ғарыш саласы кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде Министрлік 2009 жылдан бастап жүйелі негізде біліктілікті арттырудың оқыту семинарларын және 2012 жылдан бастап ғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастырады.

2019 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында 91 біліктілікті арттыру семинары өткізілді, онда 1396 маман оқудан өтті және Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Англияның, Германия Федеративтік Республикасының, Корея Республикасының, Сингапурдың жетекші шетелдік ғарыш орталықтарында 118 маман үшін 17 тағылымдама ұйымдастырылды.

 

Сұрақ 6. Қазақстан Республикасы алдағы уақытта ғарыш мемлекеттерінің клубына кіруі жөнінде тағы қандай қадамдар жоспарлауда?

Жауап:

Бүгінгі таңда біздің еліміз болашақта ғарыштық держава болу үшін өзінің ғарыш саласын белсенді түрде дамытып жатқанын деп санаймыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның аэроғарыш саласы ғарыштағы отандық спутниктерді топтастыру және жердегі ғарыштық байланыс жүйесі, Байқоңырда спутниктер жасаумен және перспективалық жобалармен айналысатын кәсіпорындар болып табылады.

Бүгінгі күні штаттық режимде жерсеріктердің 3 топтамасы (байланыс, ЖҚЗ және ғылыми-технологиялық мақсаттағы) жұмыс істейді.

KazSat (KazSat-2 және KazSat-3) ғарыштық байланыс жүйесі елдің спутниктік байланыс пен телехабар тарату қажеттілігін 100% қанағаттандырады. Жүйені жүктеу 74% құрайды. Ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерінің Орталық Азия елдеріне экспорты бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Екі спутнигі бар Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйесі (Kazsat-1 және Kazsat-2) елдің ЖҚЗ деректеріне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осының арқасында қазір Қазақстанның жер ресурстарының 100% - ы цифрландырылған және ауыл шаруашылығы, ТЖ, жерді пайдалану және экология саласындағы салалық міндеттер шешілуде.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚұСК) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Өнеркәсіптік пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған. Кешен үшін 1 млрд. теңгеден астам сомаға алғашқы тапсырыстар алынды. KazSat–2R жобаларын және ЖҚЗ спутниктік топтамаларын іске асыру ҒА ҚұСК-ның жүктелуін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағына қатысуын кеңейту үшін «Бәйтерек» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, коммерциялық ұшыруларды жүзеге асыру мақсатында Ресеймен және БАӘ-мен бірлесіп «Союз-2» зымыран-тасығышының базасында «Гагарин стартын» жаңғырту жөніндегі инвестициялық жоба пысықталуда.

«Бәйтерек» ҒЗК-мен перспективалы «Союз-5» ЗТ-ны іске қосу Қазақстанға жерүсті ғарыш инфрақұрылымының өз объектілерін пайдалана отырып, іске қосу қызметін дамытуға мүмкіндік береді.

Біз сондай-ақ аса жеңіл класты РН әзірлеу және сынау бағытын дамыту бойынша қадамдар жасап жатырмыз. Аса жеңіл зымырандарды ұшыру нарығы шағын спутниктер (микро спутниктер, наносаттар) нарығының өсуіне байланысты тез дамып келеді.

Саланың егеменді дамуы және ғарыш державасына сенімді кіру үшін бізге осы үшін қажетті ресурстардың басым бөлігі: барлық қажетті жерүсті және старттық кешендері бар Байқоңыр ғарыш айлағы; жетекші ғарыш державалары-Ресей мен Украинамен достық байланыстар; отандық ғылыми - зерттеу институттары, зертханалар мен металлургиялық және химиялық өндірістер бар өз зымыран-тасығышымызды әзірлеуіміз қажет.

 

Сұрақ 7. Бюджет заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы толық ақпарат беріңіз.

Жауап:

Бюджеттік кредитті айырбастау рәсімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген, бірақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 1-бабының 2-тармағына сәйкес: «егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады».

Осы себепті 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

 

Сұрақ 8. Бюджеттік несиенің пайдаланылуын бақылаушы органдар, оның ішінде Есеп комитеті тексерді ме.

Жауап:

2010-2021 жылдар аралығында бақылау органдар, оның ішінде Есеп комитеті бюджеттік несиені мақсатты пайдалану бойынша «Бәйтерек» БК» АҚ қызметіне 34 тексеру жүргізді. Аудит нәтижесі бойынша бюджеттік несие қаражатының мақсатсыз жұмсалуы анықталмады.

Бөлісу