Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

19.10.2021 0

«2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша 

                                             

БАЯНДАМА

 

          Құрметті Төраға, құрметті әріптестер!

                                       

Бүгінгі қаралып отырған Заң жобасы бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Серікұлы  толық баяндап берді.

Хаттамаға 2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Заң жобасы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін бірлесіп пайдалануға қатысты негізгі шарттарды нақтылауға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл құжат «Байқоңыр» ғарыш айлағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және отандық ғарыш зымыран кешенін құру үшін құқықтық негіз болып табылады.

Хаттаманың ережелеріне сәйкес «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен 2025 жылға дейін сынақ ұшуларын жүзеге асыру, сондай-ақ «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен ғарыш аппараттарын шығару бойынша тапсырыстарды орналастыру жоспарлануда.

Осылайша Хаттаманы  жасасу Ресеймен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді және бірлескен ғарыш қызметі үшін қолайлы жағдай жасайды.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді. Туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды. Оның үстіне көтерілген сұрақтар бойынша жауаптар жазбаша түрде де ұсынылып отыр.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға Рақмет!

 

 

 

 

«Бәйтерек» жобасын іске асыру кезеңдері

 

1. «Протон» ҒЗК базасында іске асыру (200 – алаң) - 2005-2008 жылдар.

«Ангара» экологиялық қауіпсіз ЗТ базасында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру жөніндегі жобаны іске асыру үкіметаралық келісімге сәйкес 2004 жылы басталған болатын.

Зымыран отынының экологиялық қауіпті компоненттерін пайдаланатын «Протон» ЗТ ауыстыра алатын ауыр класты «Ангар» ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК құрудың техникалық жобасы әзірленді. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы «Протон-М» ҒЗК № 40 пайдаланылмайтын ұшыру қондырғысының (200-алаң) базасында құрылуы тиіс еді.

Алайда, «Бәйтерек» ҒЗК құру және пайдалану және «Протон» ҒЗК іске қосу бойынша жұмыстарды бір мезгілде жүргізудің мүмкін еместігінен                      2008 жылы «Бәйтерек» ҒЗК құру орнын ауыстыру туралы шешім қабылданды: «Энергия-Буран» (250-алаң) «стенд-старт» әмбебап кешені (ССӘК) базасындағы старттық кешен (СК) және жаңа техникалық кешен құрылысы.

 

2. «Энергия-Буран» ССӘКбазасында іске асыру (250 алаң) (2008-2011 жылдар)

СК құрылысы орнының 200 алаңынан «Байқоңыр» ғарыш айлағының 250 алаңына өтуін және «Ангара» ЗТ және ғарыш аппараттарын дайындау үшін жаңа техникалық кешен құрылысын ескере отырып, техникалық жобаға қосымша әзірленді.

ҚР заңнамасына сәйкес жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі (ҚЭН) (жобаның орындылығы мен нәтижелілігін растайтын есептер мен негіздемелер жиынтығы) әзірленді. Жобаның құны 1060 млн АҚШ долларына бағаланды.

2011 жылғы қыркүйекте «Бәйтерек» БК» АҚ ҚЭН-ді Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде одан әрі экономикалық сараптама жүргізу үшін Қазғарышқа жіберді.

Алайда, сараптамадан өту кезінде Ресей тарапы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігін жоба құнының кезекті ұлғаюы туралы ($1060 млн-нан $ 1640 млн-ға дейін) хабардар етті. Бұл жоба бойынша үкіметаралық саяси шешім қабылданғанға дейін ҚЭН сараптамасын сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралардың тоқтатылуына әкеп соқты.

Тиісінше, 2012 жылғы жағдай бойынша Үкіметаралық келісім іс жүзінде өзінің нормативтік мәртебесін жоғалтты, өйткені:

  1. Жобаның құны өсті-ол 223 млн АҚШ долларынан 1640 млн АҚШ долларына дейін, яғни 7 еседен астам өсті. Мұндай жағдайда жоба бұдан былай Тараптар жобаны іске асыру үшін қайтарылатын бюджеттік несие беру шарттарымен келіскендей коммерциялық ретінде қарастырыла алмады.
  2.  Тараптар белгілеген мерзімде «Ангара» ЗТ дайындалмады және ұшу сынақтарынан өткен жоқ (сынақтар тек 2014 жылы өтті).

    Осыған байланысты ғарыш агенттіктері деңгейінде, үкімет басшылары және Қазақстан мен Ресей Мемлекет Басшылары деңгейінде Ресей тарапымен келіссөздерге «Бәйтерек» жобасын іске асыруға Ресей тарапының қаржылық қатысуы туралы мәселе бірнеше рет шығарылды. Мәселен, «Бәйтерек» жобасын Мемлекет басшылары 2011 жылғы 15 қыркүйекте Астрахань қаласында 8-ші форумда және 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 9-шы форумында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың                             2012 жылғы 9 қазандағы Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында талқылады.

    Әртүрлі деңгейдегі келіссөздердің қорытындылары бойынша Тараптар ауыр класты «Ангара» ЗТ базасында «Бәйтерек» жобасы бойынша жоғарыда аталған проблемалардың объективтілігі мен еңсерілмейтіндігімен келісті және отынның экологиялық таза компоненттерінде «Ангара» ЗТ басқа ЗТ ауыстыру нұсқаларын қоса алғанда, «Бәйтерек» жобасын іске асырудың басқа нұсқаларын пысықтауды шешті.

     

    3. «Зенит»ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК құру (2012-2015 жылдар)

     

    2012 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшылары Н.Ә. Назарбаев пен                        В. В. Путин тараптар қол қойған «Қазақстан мен Ресейдің 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында» көрініс тапқан «Зенит» зымыран тасығышы базасында «Бәйтерек» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру саяси шешімін қабылдады.

    Жоғарыда аталған саяси шешімнің негізінде Тараптар үкіметтері деңгейінде 2013 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қ. Н. Келімбетов және Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары И. И. Шувалов бекіткен «Бәйтерек» ҒЗК жобасын «Ангара» ЗТ-дан «Зенит» ЗТ-ға ауыстыру тетігін іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары» бекітілді.

    Аталған жоспарда көзделген іс-шаралар Қазақстан мен Ресей тарапының түрлі министрліктері мен ведомстволарын тарта отырып орындалды:

    1. 2013 жылғы 14 тамызда Қазғарыш пен Роскосмостың бірінші басшылары «Ресей Федерациясының жалдаудан алып тастауы жоспарланып отырған «Зенит-М» ҒЗК объектілерінің тізбесін» келісілді және бекітті. Тізімде алып тастау жоспарланған 188 нысан бар.

    2. «Қазақстан Ұйымы «Зенит» ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК пайдалану үшін қажетті Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық, нормативтік техникалық және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарының тізбесін» Қазғарыш пен Роскосмостың бірінші басшылары келісіп, бекітті.

    3. Ресей тарапымен келісілген жиынтық калькуляция негізінде «2015-2017 жылдарға арналған «Зенит» ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК объектілерін ұстау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім» дайындалды, оған сәйкес талап етілетін сома 1 738,1 млн теңгені ($ 9,5 млн.) құрады. Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарауына жіберілді.

    «Зенит» Украина-Ресей ЗТ негізіндегі жоба орындаушылардың үшжақты ынтымақтастығын ұсынды, бірақ 2014 жылы Украинадағы саяси дағдарыс пен Ресей-Украина қатынастарының күрт нашарлауы жағдайында бұл мүмкін болмады.

    2014 жылғы маусымда Қазғарыш пен Роскосмос басшыларының Мәскеудегі кездесуі барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» зымыран-тасығышы (ЗТ) базасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК) құрудың бірлескен жобаны одан әрі іске асырудың келешегі жоқ екендігі туралы шешім қабылданды.

    Тараптар ресейлік зымыран-тасығыштар базасында «Бәйтерек» жобасын іске асырудың ықтимал нұсқаларын пысықтау қажеттігіне бірыңғай түсіністікке келді.

     

    4. Жобаны жалғастыру нұсқаларын таңдау, жаңа орта класты ЗТ («Союз-5» ЗТ) және «Зенит-М» ЗТ жерүсті ғарыш инфрақұрылымы базасында «Бәйтерек» ҒЗК құру (2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)

     

    2014 жылғы 24 қарашада Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының екінші отырысында Қазғарыш пен Роскосмос басшыларының ресейлік зымыран-тасығыш базасында «Бәйтерек» жобасын іске асыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі кездесуі өтті.

    ҮАК тапсырмаларын орындау үшін 2014 жылғы 4-5 желтоқсанда Мәскеу қаласында «Бәйтерек» жобасы бойынша бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті, онда 92А–50 монтаждау-сынау корпусы (АКМ) базасында ЗТ және ғарыштық бас бөлігінің ТК техникалық кешенін орналастыра отырып және 200 алаң ауданында («Протон» ЗТ СК) немесе «жеңіл, орта және ауыр сыныптағы «Ангар» ЗТ ұшыру үшін 90 алаң ауданында («Циклон» ЗТ СК) әмбебап старттық кешен сала отырып, жобаны «Ангара» ЗТ базасында іске асыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

    Алайда, 2015 жылғы 2 маусымда Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Ә. Сағынтаев пен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д. О. Рогозиннің жұмыс кездесуі өтті, онда Ресей тарапы 2021 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру жөніндегі нақты жұмыстарға кірісуге мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабардар етті, өйткені барлық қолда бар ресурстар «Восточный» және «Плесецк» ғарыш айлақтарында «Ангара» ҒЗК құруға жұмылдырылды. Бұдан басқа, Федералдық ғарыш бағдарламасын қаржыландырудың қысқаруына байланысты «Бәйтерек» жобасын федералдық бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкін емес.

    Бұл ретте Тараптар «Бәйтерек» жобасын одан әрі іске асыру нұсқасын таңдау жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.

    2016 жылғы 25-26 ақпанда Астана қаласында қазақстандық және ресейлік мамандардың консультациялары барысында тараптар Қазақстан Республикасының барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген және 2016 жылғы 7-8 шілдеде Мәскеу қаласында «Байқоңыр» кешені жөніндегі ресей-қазақстан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысында қол қойылған «Бәйтерек» жобасын одан әрі іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының (ЖСҚ) жобасын келісті.

    2016 жылғы 30 тамызда Роскосмостан инженерлік жазба түрінде «Сұңқар» ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК (кейіннен «Союз-5» ЗТ) құру бойынша материалдар алынды.

    2016 жылғы 18 қазанда Қазғарыш пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы арасында «Бәйтерек» ҒЗК құру нұсқасын таңдау бойынша бірлескен шешімге қол қойылды, оның ішінде қаралған барлық нұсқалардың ішінен «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Зенит-М» ҒЗК жерүсті ғарыш инфрақұрылымы (ҒЗК) объектілерінің базасында «Бәйтерек» ҒЗК және Ресей тарапы құратын орта таптың перспективалы ЗТ құру нұсқасы неғұрлым қолайлы болып табылады.

  3. Ресей тарапының өзінің жаңа «Восточный» ғарыш айлағында «Ангара» ЗТ базасында «Бәйтерек» ҒЗК ұқсас кешен салу туралы шешім қабылдауы Қазақстан тарапы үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК бәсекеге қабілетсіздігінің Елеулі тәуекелінің пайда болуына, жобаның техникалық-экономикалық және қаржы-экономикалық негіздемелерінің бастапқы алғышарттарын түбегейлі өзгертуге және бюджеттік кредитті уақтылы қайтаруға алып келді.

Бүгінгі таңда «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

2020 жылғы 24 ақпанда жобаның ТЭН-іне оң экономикалық қорытынды алынды, жобаның құны 90 795,71 млн.теңге.

2020 жылғы 29 қазанда ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті мен "Бәйтерек "БК" АҚ арасында "Бәйтерек "ҒЗК құру" мемлекеттік тапсырмасына арналған шартқа қол қойылды

2020 жылғы 29 қазанда ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті мен «Бәйтерек» БК» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құру» мемлекеттік тапсырмасына арналған шартқа қол қойылды.

Осы мемлекеттік тапсырма шарты аясында 2020 жылдың 10 тамызы мен 20 қарашасы аралығында Байқоңырда барлау жұмыстары жүргізілді.

«Бәйтерек» БК» АҚ мен «ЦЭНКИ» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құруға арналған келісімшарт 2020 жылғы 31 қазанда жасалды. «ЦЭНКИ» АҚ инфрақұрылымы базасында «Бәйтерек» ҒЗК құрылатын «Зенит-М» ҒЗК жерүсті кешенін бас әзірлеуші ұйым ретінде ҚР ЦДИАӨМ мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен шешімімен «Бәйтерек» ҒЗК бас әзірлеуші ұйым болып айқындалды.

Бүгінгі күні эскиздік жобаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, шарт шеңберінде 2021 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін «Зенит-М» ҒЗК объектілерінде инженерлік ізденістер бойынша, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

2021 жылы қаржыландыру жыл басында 23 160,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 2021 жылғы РБ түзету кезінде 2 316,1 млн. теңге қайтарылатын болады, күтілетін игеру 2 286,9 млн. теңгені құрайды, осылайша ағымдағы жылдың соңына игерілмеу сомасы 18 557,6 млн. теңгені құрайды (2022 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде жобаны одан әрі іске асыру үшін сұралатын болады).

Осыған байланысты, «Бәйтерек» ҒЗК құру» жобасы бойынша жоспарланған жұмыс көлемі 2021 жылы 2 286,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде бүгінгі күні 1 470,3 млн. теңге сомасына жұмыс көлемі орындалды.

Жобаны іске асыру мақсатында 2022-2024 жылдарға 67 542,1 млн. теңге сомасында қаржыландыру мәлімделген, оның ішінде:

2022 жылға – 20 856,0 млн. теңге;

2023 жылға – 46 686,1 млн. теңге;

2024 жылға – 0,0 млн.теңге.

2022 жылға 20 856 млн. теңге жоспарланған, оның ішінде:

- «Бәйтерек» ҒЗК ТК, СК және ОЖЖ арнайы технологиялық жабдығын құру және пайдалануға беру жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстар сомасы 9 253 974 мың теңге мөлшерінде жоспарланған;

- құрылыс жұмыстарына шығындар сомасы 11 254 681 мың теңге көлемінде жоспарланған;

- құлау аудандарын (ЗТ ББ ҚА) бөлу және арнайы пайдалану кешендерін құру жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстар сомасы құлау ауданы (ПКҚА) 347 319 мың теңге мөлшерінде жоспарланған.

2023 жылға 46 686,1 млн. теңге жоспарланған, оның ішінде:

- «Бәйтерек» ҒЗК ТК, СК және ОЖЖ арнайы технологиялық жабдығын құру және пайдалануға беру жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстар сомасы 20 625 375 мың теңге мөлшерінде жоспарланған;

- құрылыс жұмыстарына жұмсалатын шығындар сомасы 25 708 937 мың теңге көлемінде жоспарланған

- құлау аудандарын бөлу жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстар сомасы (ЗТ ББ ҚА) және ҚА (ПКҚА) пайдаланудың мамандандырылған кешендерін құру 351 811,2 мың теңге мөлшерінде жоспарланған

 

Бюджеттік кредит бойынша ақпарат және «Байқоңыр»ғарыш айлағында «Ангара»экологиялық қауіпсіз зымыран-тасығышы (ЗТ) базасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК) құру жобасы бойынша жұмыстардың негізгі нәтижелері

 

ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында 2004 жылғы 22 желтоқсанда «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Ангара» зымыран тасығышын ұшыру үшін «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге қол қойылды.

«Бәйтерек» ҒЗК құру үшін ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысымен «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей кәсіпорны («Бәйтерек» БК» АҚ) бірлесіп құрылды. 2005 жылғы 1 сәуірде Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді. СТН 620300255726, БСН 050440003815.

Үкіметаралық келісім шарттары бойынша қазақстандық тарап «Бәйтерек» ҒЗК құру үшін «Бәйтерек» БК» АҚ-на ҚР Қаржы министрлігі арқылы 19 жыл мерзімге 223 млн. АҚШ доллары сомасына бюджеттік кредит бөлді.

Ресей тарапы Үкіметаралық келісім шарттары бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Бәйтерек» ҒЗК-дан зымырандарды одан әрі штаттық ұшыру үшін «Плесецк» ғарыш айлағында «Ангара» ҒЗК ұшу сынақтарын қамтамасыз етеді.

«Бәйтерек» БК» АҚ құрылтайшылары Қазақстандық тараптан ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) акцияларының 50%, Ресей тарапынан «М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМУК акцияларының 50% болып табылады.

         «Бәйтерек» ҒЗК құру бойынша негізгі жұмыстарды негізінен ресейлік ғарыш саласының кәсіпорындарымен жасалған шарттар негізінде «Бәйтерек» БК АҚ орындайды. («М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМУК, «ЖҒИОПО» ФМУК, 31 МПИ және т.б.).

«Бәйтерек» БК» АҚ бюджеттік кредитінің пайда болуы.

2004 жылғы 22 желтоқсандағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК) құру туралы» келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы бірлесіп құрылған «Бәйтерек» кәсіпорнына жобаны іске асыруға 223 млн, АҚШ доллары мөлшерінде бюджеттік кредит бөлу жөнінде міндеттеме алды. Ресей тарапы, өз кезегінде, 2008 жылға дейін «Ангара» ЗТ модификациясының ұшу сынақтарын құруға және өткізуге, 2010 жылға дейін «Бәйтерек» ҒЗК бастапқы және техникалық кешендерінің кешенді сынақтарын әзірлеуге және жүргізуге тиіс еді, бұл 2010 жылдан бастап іске қосу қызметін бастауға және тиісінше кредиттік міндеттемелер бойынша төлемдерді бастауға мүмкіндік берер еді.

Алайда, көрсетілген мерзімде әртүрлі объективті себептерге байланысты (жобаны іске асыру орнының өзгеруі, құнының ұлғаюы, ұшыруларды орындау үшін зымыран-тасығыштың болмауы және т.б.) жоба іске асырылған жоқ. Осы себептер бойынша «Бәйтерек» БК» АҚ іске қосу қызметін жүзеге асыруға өте алмады, тиісінше өзінің кредиттік міндеттемелерін орындау үшін қаржылық мүмкіндіктері болмады.

2010 жылдың қараша айында бюджеттік кредитті игеру мерзімі аяқталып, оны қайтару мерзімі келді. Аталған кезеңде жоба іске асырылмауына байланысты, 2011 жылғы сәуірде кредитті игеру мерзімін 2015 жылғы                             15 қарашаға дейін ұзарту арқылы «Бәйтерек» БК» АҚ бюджеттік кредитін қайта құрылымдау жүргізілді.

 

2015 жылы ҚР мен РФ арасындағы «Бәйтерек» ҒЗК құру туралы үкіметаралық келісімге толықтыру енгізу жолымен бюджеттік кредитті қайта құрылымдау жүргізілді, бюджеттік кредитті өтеу бойынша жеңілдікті кезең    2019 жылғы қарашаға дейін ұзартылды.

Жобаны іске асыру мерзімдерінің бірнеше рет ауыстырылуына және бюджеттік кредитті қайтару қажеттілігіне байланысты ҚР Үкіметі ҚР мүдделі мемлекеттік органдарына (ҚМ, ЭБЖМ, ӘМ, СІМ, ҰҒА, 05.01.2013 ж. №17-23/6970) бюджеттік кредитті мемлекетке қайтару тәртібі туралы мәселені пысықтауды тапсырды.

Аталған тапсырманы орындау үшін ҚР Үкіметінің мүдделі мемлекеттік органдары (ҚМ, ЭБЖМ, ӘМ, СІМ, ҰҒА) «Бәйтерек» БК» АҚ борышын қазақстандық тараптың үлесін ұлғайту жолымен оның жарғылық капиталына айырбастауды ұсынды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Заңның жоғарыда аталған нормасына сәйкес үкіметаралық келісімге тиісті өзгеріс енгізу ұсынылды.

Қоғамдағы бюджетті және оның шығындарын жоспарлау тәртібі келесідей:

Несие шартының талаптарына сәйкес, Қоғам Қазғарыш пен РФ Федералдық ғарыш агенттігі (Роскосмос) бекіткен бас жоспар-кесте негізінде Қоғамның жылдық жұмыс бағдарламасын қалыптастырды, содан кейін жылдық жұмыс бағдарламасын Қазғарышпен алдын ала келістірді. Ескертулер жойылғаннан және келісілгеннен кейін жылдық жұмыс бағдарламасы Қоғамның Директорлар кеңесіне бекітуге ұсынылды. Барлық қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін, бекітілген жағдайда, жылдық жұмыс бағдарламасы кредиттік шарттың талаптарына сәйкес Қазғарышпен келісіліп, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға берілді.

Жылдық жұмыс бағдарламасы үш бөлімнен тұрды: Негізгі қызмет бойынша тақырыптық шығыстар, қоғамның әкімшілік шығыстары және негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар.

«Тақырыптық шығыстар» бөлімі ресейлік және қазақстандық кооперация кәсіпорындарының хат-өтінімдері негізінде қалыптастырылды, онда олар жұмыстардың атауын, жұмыстардың мерзімдері мен құнын көрсетті. Сондай-ақ, бұл бөлім Негізгі қызмет бойынша шарттарға техникалық сүйемелдеу жүргізген Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылды.

«Әкімшілік шығыстар» бөлімі қоғамның қолданыстағы штат кестесінің, сондай-ақ персоналды ұстау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарының негізінде қалыптастырылды.

Жасалған кредиттік шартқа сәйкес 2005 жылы қоғамға 6 585 000 000 теңге сомасында бюджеттік кредит берілді. 2006 жылы жасалған кредиттік шартқа №1 қосымша келісімге және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бәйтерек» БК» АҚ-ға 5 994 400 000 теңге сомасында бюджеттік кредиттің бір бөлігі қосымша бөлінді. Барлығы қоғамға 12 579 400 000 теңге бөлінді.

2005 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде жобаны іске асыру бойынша барлығы 12 575,7 млн.теңге сомасында қаражат игерілді. оның ішінде:

1. Жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына 8 870,0 млн. теңге жұмсалып, келесі жұмыстар орындалды:

1) «Байқоңыр» ғарыш айлағының №200 алаңында техникалық жоба (ТК), ҒЗК арналған тактикалық-техникалық тапсырма (ТТТ), ҒЗК құрамдас бөліктеріне арналған техникалық тапсырма (ТТ) әзірленді. ТК материалдарына сараптама жүргізілді, олардың нәтижелері эскиздік жоба кезеңінде жіберілген №200 алаңда құрылыс орнын таңдаудағы жүйелік қатені ашып, №200 алаңда «Бәйтерек» ҒЗК құру жобасының экономикалық тиімсіз болып табылатынын көрсетті. 829,6 млн. теңге жұмсалды;

2) бастапқы кешенді орналастырудың жаңа орнын таңдау бойынша барлау жұмыстары жүргізілді, оның нәтижелері бойынша стенд-старт әмбебап кешені (ССӘК) орналасқан №250 алаңда «Бәйтерек» ҒЗК бастапқы кешенін орналастыру нұсқасы таңдалды. «Ангара» ЗТ-да оны пайдалану мүмкіндіктері тұрғысынан негізгі агрегаттар мен ССӘК жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктерін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді. №250 алаң аумағында инженерлік-геологиялық ізденістер (ССӘК) және ССӘК ғимараттары мен құрылыстарын егжей-тегжейлі техникалық тексеру және өлшеу жұмыстары жүргізілді. 1 464,2 млн. теңге жұмсалды;

3) алынған деректерді ескере отырып, «Бәйтерек» ҒЗК құрудың ТК-не қосымша әзірленді, ҒЗК-ге ТТТ, ҒЗК-нің құрамдас бөліктеріне ТТ нақтыланды. Жұмсалды - 2 357,2 млн. теңге.

4) «Байқоңыр» ғарыш айлағына орналасу жағдайында «Бәйтерек» ҒЗК қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау материалдары әзірленді және оларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Ангара-А5» ЗТ бөлінетін бөліктерін шығару трассалары және жоспарланған құлау аудандары бойынша барлау жұмыстары жүргізілді. «Бәйтерек» ҒЗК қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) материалдары «Ангара-А5» ЗТ (47º, 50,9 º, 51,4 º, 53,4 º еңіспен трассалар) 1-ші сатының және бас ағысының құлау аудандарында әзірленді. Жұмсалды - 196,1 млн. теңге;

5) «Бәйтерек» ҒЗК барлық құрамдас бөліктері бойынша (бастапқы кешен, техникалық кешен, телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, сыртқы автожолдар, сыртқы сумен жабдықтау, сыртқы су бұру, сыртқы электрмен жабдықтау, теміржолдар бойынша) «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құрылысына инвестицияларды негіздеу материалдары әзірленді және оларға сараптамалардың оң қорытындылары алынды. Жұмсалды - 1 268,7 млн. теңге;

6) «Бәйтерек» ҒЗК жерүсті кешенін салуға (реконструкциялауға) инвестициялардың бірыңғай негіздемесінің (ИБН) қорытынды материалдары әзірленді. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті кешенін салуға жобалау алдындағы құжаттама (инвестициялар негіздемесі) бойынша мемлекетаралық сараптама тобының жиынтық қорытындысы алынды. Жұмсалды-76,3 млн. теңге;

7) «Бәйтерек» ҒЗК жерүсті кешенінің құрамдас бөліктерін реконструкциялау (салу) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды (жұмыстар тоқтатылды, аванстық төлемдер жүргізілді). Корпоративтік ақпараттық жүйе пайдалануға енгізілді. Жұмсалды - 2 650,4 млн. теңге;

8) «Әмбебап СК техникалық есептоптары мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың кәсіби білім беру бағдарламаларын ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу», «Гидравликалық машиналар, гидрожетектер және гидропневмоавтоматика» тақырыбы бойынша мамандар оқытылды. Жұмсалды-27,5 млн.теңге.

2. Жобаны сүйемелдеуге-3 705,7 млн. теңге, оның ішінде:

а) жоба бойынша жұмыстарға басшылық ету - 2 305,83 млн. теңге;

б) мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру-3 млн. теңге;

в) іссапар шығыстары-196,7 млн. теңге;

г) жобаны сүйемелдеу бойынша өзге шығыстар-1 200,17 млн. теңге.

 

* Анықтамалық:

Жұмыстардың негізгі бағыттары бойынша шығыстардың құрылымы:

 

РЕСЕЙЛІК КӘСІПОРЫНДАРҒА - 5 977,0 МЛН. ТЕҢГЕ;

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА-2 893,0 МЛН. ТЕҢГЕ.

оның ішінде:

а) кешеннің құрамдас бөліктеріне ТК, ҒЗК ТТТ, ТТ әзірлеуге – 829,6 млн. теңге, оның ішінде төленді:

Ресей кәсіпорындарына 717,4 млн. теңге («М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМУК, «ЖҒИОПО» ФМУК, Семенов атындағы Химиялық физика институты РҒА, «Оттегмонтаж» ЖАҚ, «Криогенмаш» ААҚ, «31 АҚМЖИ» ФМБК, «Деламет» ЖШҚ, «Микос» ЖҚК» ЖШҚ);

қазақстандық кәсіпорындарға 112,2 млн. теңге («Кадар» СО ЖШС, «Монтажспецстрой» ААҚ, «Маныз» ЖШС);

б) барлау жұмыстарына, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізуге, ССӘК ғимараттары мен құрылыстарын техникалық тексеру және өлшеу жұмыстарына -1 464,2 млн. теңге, оның ішінде төленді:

Ресей кәсіпорындарына 689,4 млн.теңге («М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМБК, «31 АҚМЖИ» ФМБК, «Бармин атындағы жалпы машина жасау конструкторлық бюросы» ФМУК, «ЖҒИОПО» ФМБК, «ЖҒИОПО» «Космотранс» ҒӨФ» ФМУК , «Байқоңыр» ҒӨФ» ФМУК, «Байқоңырэнерго» ӨЭБ» МБК, «Жалпы машина жасаудың конструкторлық бюросы» ФМУК, «Қалалық су арнасы бойынша» ЖБТ, «көліктік-химиялық машина жасаудың конструкторлық бюросы» ФМУК, «ЗҒӨҒСО» ФҚК, «Новыетехнологиялар» СО» ЖШҚ);

қазақстандық кәсіпорындарға 774,8 млн. теңге («Кадар» техникалық орталығы» ЖШС, «Қазақстандық ғарыштық технологиялар ҒТО» ЖШС, «Маныз» ЖШС);

в) ҒЗК құру ТК-не толықтыру әзірлеуге, ТЭН-ді сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтерге және сараптамаға-2 357,2 млн. теңге, оның ішінде төленді

Ресей кәсіпорындарына 1 871,9 млн.теңге («Бармин атындағы жалпы машина жасау конструкторлық бюросы» ФМУК, «Космотранс» ҒӨФ» ФМУК, «31 АҚМЖИ» ФМБК, «М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМБК, «ЗҒӨҒСО» ФҚК, «Ауыр машина жасаудың орталық конструкторлық бюросы» ФГУП, «РАОҒИК» КЕС, ИНЕКО Технологии ЛТД, М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО»;

қазақстандық кәсіпорындарға 485,3 млн. теңге(«Кадар» техникалық орталығы» ЖШС, «Қазақстандық ғарыштық технологиялар» ҒТО» ЖШС, «Жақсару» талдау тобы ЖШС, «Адал Солюшн» ЖШС, «ҚР Мемсараптама» РМК, «Маныз» ЖШС, «Қазаэрожоба» РМК, «Иртышгесстрой» ЖШС, «Автоматтандыру және технологиялар» ЖШС);

г) Ангар ЗТ ББ шығару трассалары мен құлау аудандары бойынша барлау жұмыстарына-196,1 млн. теңге, оның ішінде:

Ресей кәсіпорындарына 153,9 млн. теңге («М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО» ФМБК, «Новик-91» ҒҒӨО» ЖШҚ, «ЭКА» ЖАҚ);

қазақстандық кәсіпорындарға 42,2 млн. теңге («НПО ВК-ЭКО» ЖШС);

д) құрамдас бөліктер бойынша «Бәйтерек» ҒЗК құрылысына инвестициялар негіздемесінің материалдарын әзірлеуге – 1 268,7 млн. теңге, оның ішінде төленді:

Ресей кәсіпорындарына 1 161,6 млн. теңге («МИКОС» ЖҚК» ЖШҚ, «31 АҚМЖИ» ФМБК»);

қазақстандық кәсіпорындарға 107,1 млн. теңге («Негиз Компаниясы» ЖШС, Промводпроект институты, «Маныз» ЖШС);

е) «Бәйтерек» ҒЗК құрылысына (реконструкциялауға) инвестициялардың бірыңғай негіздемесінің жалпылама материалдарын әзірлеуге - 76,3 млн. теңге қазақстандық кәсіпорынға («Адал Солюшн» ЖШС) төленді;

ж) «Бәйтерек» ҒЗК жерүсті кешенінің құрамдас бөліктерін қайта жаңарту (салу) бойынша КҚ, ЖСҚ, ҚМЖ әзірлеуге, ИҚК пайдалануға беруге-2 650,4 млн. теңге, оның ішінде төленді:

Ресей кәсіпорындарына 1 356,1 млн. теңге («ПСК Микос» ЖШҚ, «Инженерные работы» ЖБТ, «Спецавтоматика» ЖШҚ);

қазақстандық кәсіпорындарға 1 294,3 млн. теңге («Кадар» СО ЖШС, «Инфракос» РМК, «ҒБ РҚЭҮ РО» АҚ, ТЖ Тажиев М. Л., ЖК Аймахан Ж. К., «Заңғар ЛТД и К» ЖШС, «Кадар» СО» ЖШС, КСД Қазақтелеком, «Қазақтелеком» АҚ филиалы-алыс байланыс бірлестігі);

з) мамандарды оқытуға-27,5 млн. теңге, оның ішінде төленді:

Ресей кәсіпорындарына 26,7 млн.теңге (МББМ «РМИТКУ», МБЖКБ «Академик С. П. Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университеті»).

қазақстандық кәсіпорынға 0,8 млн. теңге («Қазинфтелеком Телекоммуникация Академиясы» ЖШС).

 

 

 

  1. Борыш құрылымы

    12 575 702 906,90 теңге

    оның ішінде:

    • 2005 ж. – 38 787 712,00 тг;
    • 2006 ж. – 441 293 764тг;
    • 2007 ж. – 523 037 234тг;
    • 2008 ж. – 1 661 457 019 тг;
    • 2009 ж. – 3 067 065 310 тг;
    • 2010 ж. – 3 168 411 234тг;
    • 2011 ж. – 1 702 078 280 тг;
    • 2012 ж. – 717 254 203 тг;
    • 2013 ж. – 446 176 950 тг;
    • 2014 ж. – 537 500 600 тг;
    • 2015 ж. – 192 664 921 тг;
    • 2016 ж. – 79 975 674 тг;

       

      717 104 443 теңге,

      оның ішінде:

       

      2005 – 2010 ж.

      259 052 512 тг.

       

      2012 – 2015 ж.

      458 051 931 тг.

      380 332 418 теңге

      оның ішінде:

       

      2016 ж. – 56 135 704,73 тг;

       

      2017 ж. – 66 464 036,74 тг.

       

      2018 ж. – 66 464 036,74 тг.

       

      2019 ж. – 66 279 351,94 тг.

       

      2020 ж. – 74 956 663,66 тг.

      2021 ж. - 49 847 940

       

      15.11.2019 ж. - 31.08.2021 ж. кезеңінде есептелген өсімпұл

       

      1 000 536 970 тенге

      а) кешеннің құрамдас бөліктеріне ТК, ҒЗК ТТТ, ТТ әзірлеуге – 829,6 млн. теңге;

      б) барлау жұмыстарына, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізуге, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру және өлшеу жұмыстарына ССӘК -1 464,2 млн. теңге;

      в) ҒЗК құру ТК-не толықтыру әзірлеуге, ТЭН-ді сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтерге және сараптамаға-2 357,2 млн. теңге;

      г) Ангар ЗТ ББ шығару трассалары және құлау аудандары бойынша барлау жұмыстарына-196,1 млн. теңге;

      д) құрамдас бөліктер бойынша «Бәйтерек» ҒЗК құрылысына инвестициялар негіздемесінің материалдарын әзірлеуге – 1 268,7 млн. теңге

      е) «Бәйтерек» ҒЗК құрылысына (реконструкциялауға) инвестициялардың бірыңғай негіздемесінің қорытпа материалдарын әзірлеуге – 76,3 млн. теңге;

      ж) «Бәйтерек» ҒЗК жерүсті кешенінің құрамдас бөліктерін қайта жаңарту (салу) бойынша КҚ, ЖСҚ, ҚМЖ әзірлеуге, ҒСС, АТЖ пайдалануға беруге – 2 650,4 млн. теңге;

      з) мамандарды оқытуға - 27,5 млн.теңге.

       

      2. Жобаны сүйемелдеуге-3 705,7 млн. теңге, оның ішінде:

      а) жоба бойынша жұмыстарға басшылық ету (жалақы) - 2 305,83 млн. теңге

      б) мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру-3 млн. теңге;

      в) іссапар шығыстары-196,7 млн. теңге;

      г) жобаны сүйемелдеу бойынша өзге де шығыстар – жалдау, байланыс, ОС және МЕА қызмет көрсету, ТМЗ және ОС сатып алу, сот шығыстары, аудит) - 1 200,17 млн. теңге.

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

  2. Алынған нәтижелер және құрылған активтер
 

б) «Ангара» ЗТ арналған бастапқы кешен құрылысы орнының 200-алаңнан «Байқоңыр» ғарыш айлағының 250-алаңына өтуін ескере отырып, техникалық жобаға қосымша әзірленді

«Бәйтерек» БК» АҚ-на берілген техникалық жобаға қосымша кітаптардың жалпы саны - 70 кітап.

в) жобаның ғылыми-техникалық, салалық, құрылыс, экологиялық және экономикалық сараптамалары жүргізілді.

г) жобаны басқару жүйесі әзірленді және оны жобалау жұмыстарының сатысы үшін енгізу басталды.

д) жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген сыйақы мен өсімпұлды капиталдандыруды ескере отырып, бюджеттік кредит бойынша берешекті айырбастау сомасының жиыны 14 673 677 008 теңге, оның ішінде

- негізгі қарыз– 13 292 807 348,90 теңге;

- сыйақы - 380 332 418 теңге;

- есептелген өсімпұл 1 000 536 970 теңге.

 

«Бәйтерек»Жобасы

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Ресей тарапымен бірлескен негізгі жоба пилотсыз ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған перспективалы ресейлік орта класты «Союз-5» зымыран-тасығышының (бұдан әрі - ЗТ) базасында жаңа экологиялық қауіпсіз "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру жобасы болып табылады.

Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті кешенін құруға («Зенит-М»ҒЗК жаңғырту жолымен, 233 млн, АҚШ доллары, курс – 389,46), ал ресейлік тарап жаңа орта класты зымыран - тасығышты («Союз-5»ЗТ, шамамен 916 млн, АҚШ доллары) құруға жауап береді.

Қазақстандық тарап қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алды:

- «Бәйтерек» ҒЗК құру үшін пайдаланылатын «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін күтіп-ұстау және пайдалану»;

- ұшыру және техникалық кешендерді қоса алғанда, «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін реконструкциялау және жаңғырту (ұшыру және техникалық кешендерде тасымалдағыш зымыранды дайындау кезінде пайдаланылатын бақылау-тексеру аппаратурасын, сондай-ақ қол жетімділігі шектеулі жүйелер мен агрегаттарды қоспағанда), оның ішінде жаңа объектілер салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді күрделі жөндеу және реконструкциялау;

- старттық және техникалық кешендерді пайдалану бойынша персоналды даярлаудың оқу-жаттығу құралдарын құру;

- Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарын бөлу;

- қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерін құру және жаңғырту.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын қаржыландыру мерзімі мен көлемі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесімен айқындалады.

Ресей тарапы «Союз-5» орта класты жаңа зымыран-тасығышты жасау жөнінде міндеттеме алды.

Жобаны іске асырудың ең маңызды шарттарының бірі 2023 жылы ұшу сынақтарының басталуымен жобаны іске асыру бойынша Тараптардың үкіметаралық келісімде бекітілген міндеттемелері болып табылады

Тараптардың өзара іс-қимылы қатысушылардың жауапкершілігі және өзара іс-қимылы туралы 2020 жылғы 14 қазандағы бекітілген Ережеге сәйкес мынадай схема бойынша жүзеге асырылады:

 

 

Осы схемаға сәйкес 31.10.2020 жылы «Бәйтерек» БК» АҚ және «ЖҒИОПО» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құруға келісімшарт жасалды. «ЖҒИОПО» АҚ инфрақұрылымы базасында «Бәйтерек» ҒЗК құрылатын «Зенит-М» ҒЗК жерүсті кешенін бас әзірлеуші ұйым ретінде ҚР ЦДИАӨМ мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен шешімімен «Бәйтерек» ҒЗК бас әзірлеуші ұйым болып айқындалды.

«ЖҒИОПО» АҚ «Байқоңыр» кешенінде «Бәйтерек» ҒЗК құрамдас бөліктерін құруға, яғни техникалық кешенді (ТК), старттық кешенді (СК) және технологиялық жабдықты пайдалану бойынша персоналды даярлаудың оқу-жаттығу құралдарын (ПД ОЖҚ) құруға жауап береді.

«Бәйтерек» БК» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында ЗТ-ның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын ашуға, жобаны сүйемелдеуге, ғылыми-техникалық сараптаманы тартуға жауап береді, сондай-ақ «Зенит-М»/«Бәйтерек» ҒЗК пайдаланушы ұйымы болып табылады.

Жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы 90 795 млн теңгені құрайды, оның ішінде:

-         «ЖҒИОПО» АҚ үшін ТК құруға, СК және ПД ОЖҚ – 88 287 млн.тг.

- «Бәйтерек» БК» АҚ үшін ЗТ ББ ҚА ашуға, жобаны және сараптаманы сүйемелдеуге – 2 508 млн.теңге.

- Жобаның жалпы сомасынан кемінде 25% (≥22 699 млн.тг) мөлшерінде қазақстандық қамту қамтамасыз етіледі.

Құрылыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық компанияларды толық тарта отырып орындалатын болады. Бұл шарттар келісім-шартпен бекітілген.

Бүгінгі күні эскиздік жобаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, «Зенит-М» ҒЗК объектілерінде инженерлік ізденістер бойынша жұмыстар белгіленіп отыр.

«ЖҒИОПО» АҚ құрылысы бойынша мердігер компаниялар ретінде «Базис» холдингімен шарт жасалды. Сондай-ақ, «ЖҒИОПО» АҚ  мамандандырылған сипаты жоқ технологиялық жабдықтарды дайындауға және жеткізуге қазақстандық компанияларды тартуды жоспарлап отыр.

Жобаны үйлестіруді мемлекеттік тапсырыс берушілер, Қазақстан тарапынан-Қазғарыш, Ресей тарапынан – «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы қамтамасыз етеді.

Келісімшарт талаптарына сәйкес «Бәйтерек» ҒЗК пайдалануға беруді «ЖҒИОПО» АҚ 2023 жылғы 4-тоқсанда «Союз-5» ЗТ бірінші іске қосылғаннан кейін қамтамасыз етеді.

 

 

Бөлісу