Құл-Мұхаммед
Мұхтар
Абрарұлы
Мұхтар
Абрарұлы
Өмірбаяны
1960 жылы туған. Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
- 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі ҚазҰУ). «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы - бас редактордың орынбасары (Алматы, 1983–1992 жылдары). «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
- ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001 жылдар).
- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
- ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Астана, 2003–2007).
- Қызылорда облысының әкімі (Қызылорда қаласы, 2007–2008).
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010). ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012). ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013). ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
- Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2014-2016).
- Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі(2015).
- Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).
- «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары (2016-2018).
- 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақтан Республикасы Президентінің жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалып, 2019 жылдың 12 тамызында Қазақтан Республикасы Президентінің жарлығымен өкілеттілігі 2025 жылға дейін ұзатырылды.
- 2019 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Ғылыми жұмыстары
- «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары».
- «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы)».
- Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
- Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыптарындағы 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996);
- «Құрмет» ордені (2004);
- «Парасат» ордені (2010);
- «Барыс» ордені (2016);
- «Барыс» ордені ІІ дәрежелі (2020);
- Астана қаласының құрметті азаматы;
- «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі(2018);
- Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.
Парламент Сенаты
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
тұрақты комиссия, комитет, топтарға қатысуы
- «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық Комитетінің мүшесі;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі;
- ҚР Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы;
- Қытаймен ынтымақтастық тобының жетекшісі;
- Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің мүшесі;
- "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі;
- Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын талқылау жөніндегі комитеттің мүшесі.