Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Талғат Мұсабаев ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасымен кездесуге қатысты

26.09.2019 0

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті. Сондай-ақ депутат Т. Мұсабаев  кездесуге қатысты. Дариға Назарбаева өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны маңызды саяси әріптес ретінде қарастыратынын және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі алғашқы ресми парламенттік делегация  сапарының мәні зор екенін атап өтті. Сенат Басшысы Солтүстік Македонияның Еуропалық интеграциясындағы үлкен ілгерілеуін ерекше атап өте келіп: «Сіздерді құттықтаймыз және Македониямен ынтымақтастығымыз жалғаса береді әрі сенімді досымыз болады деп үміттенеміз», - деді. Сенат Төрағасы Т.Джаферидің сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басу болатынына сенім білдірді.

Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы Талат Джафери өз тарапынан парламентаралық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Т.Джаферидің айтуынша Солтүстік Македония Қазақстанның барлық халықаралық бастамаларына, әсіресе БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы қызметіне қолдау білдіреді. Ол барлық салаларда, соның ішінде туризм, ауыл шаруашылығы, білім беруде өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін екіжақты қатынастардың барлық әлеуетін пайдалану маңызды екенін атап өтті. Келіссөздер аясында Солтүстік Македония Республика Ассамблеясының Төрағасы сондай-ақ екі ел арасындағы визасыз тәртіп мәселесін шешуді жеделдетуді өтінді.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының төрағасымен кездесуі

 

Бөлісу