Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғарышкер Т.Мұсабаев 2019 жылғы 5-7 қазанда Иранға сапармен барды

07.10.2019 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғарышкер Т.Мұсабаев 2019 жылғы 5-7 қазанда Иранға сапармен барып, "Дүниежүзілік ғарыш аптасы" атты іс-шараға қатысты. Сапар барысында Т.Мұсабаев Иран Ислам Республикасының Ғарыш ұйымының басшысы Мұртаза Бараримен кездесіп, Қазақстан мен Иран арасындағы ғарыш саласындағы екіжақты  қарым-қатынастарды талқылады.

Депутат сапар кезінде ИИР Байланыс және технология министрі М. Джахромимен, Ғылым, зерттеу және технология министрі М.Ғоламимен, Прогресс және даму ұйымының вице-президенті А.Рузсазбен кнздесіп,сұхбаттасып, Әмір Кәбір атындағы технология университетінің, Шәриф атындағы өнеркәсіп университетінің, Иранның Ғылым және өнеркәсіп университетінің және Ғарыштық ғылыми-зерттеу институтының басшылықтарымен, ұжымымен және студент жастармен кездесті.

Келіссөздер кезінде ғарыш саласын игерудегі жан-жақты әріптестік мәселелері талқыланды.  Ғарышкерлер Т. Мұсабаев пен А. Арцебарский ғарыш саласындағы ілгерілеушіліктер, халықаралық ғарыш стансасында, ашық ғарышта жұмыс істеу тәжірибелері туралы кеңінен баяндады.

 

Бөлісу