Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

2019 жылғы 10 желтоқсанда сенатор Т. Мұсабаев Қазан қаласында Федерация Кеңесінің депутаттарымен кездесуге қатысты

10.12.2019 0

Сенатор Т. Мұсабаев Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы  Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің және Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысқа  қатысты.

Отырысқа қатысушылар Орталық Азия аймағындағы қазіргі жағдайды, атап айтқанда халықаралық парламенттік ұйымдардағы жұмысты үйлестіруді, Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылымды дамытуды, Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мәселелерін, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды талқылады.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аймақтық ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары мен өзара қарым-қатынастың барлық бағыттарындағы әріптестікті кеңейту жоспарларын белгіленгенін атап өтті.

Сенатор аймақтағы көрші елдермен жан-жақты және өзара тиімді байланыстарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып табылатынын, таяуда екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Омбы қаласында өткен өткен форумның қорытындысы оған дәлел екенін атап өтті.

Комитет басшысы сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген тығыз тату көршілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға ұмтылу мен өңірдегі өзекті мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігерді үйлестіруді белгілегенін атап өтті.

Бөлісу