Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

2019 жылғы 10 желтоқсанда сенатор Т. Мұсабаев Татарстан президентімен кездесті

10.12.2019 0

Сенатор Т. Мұсабаев ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тобында Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Ильяс Умаханов және Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин.

Татарстан Президенті кездесуді аша отырып екі ел арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде дамыту өте маңызды екенін атап өтті.

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров өз кезегінде Қазақстан Ресей Федерациясының жетекші әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Біздің халықтарымызды тарихи және мәдени тамырластық байланыстырады. Бүгінде Қазақстанның Татарстанмен қарым-қатынасы барлық салада жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді», - деді төраға орынбасары.

Кездесу барысында тоқтап қалған Нұр-Сұлтан-Қазан тікелей әуе бағытын ашу, екі жақты тауар айналымын одан әрі дамыту, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бүгінде Татарстанның жоғары оқу орындарында 1300-ден астам қазақстандық студенттер білім алуда.

Бөлісу