Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Шығыс-Қазақстан облысына іс-сапары

31.03.2018 0

31.03.2018 г

 

1.       Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.З. Байбековпен кездесу өткізілді. Ол облыстағы ағымдағы тасқын жағдайы бойынша ақпарат берді. ҚР ауылшаруашылығы кешеніндегі өзекті мәселелер қаралды.

 

2.       Шығыс-Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық дақылдарын сұрыпты сынау бойынша инспектурасына барды. Ұйым ұжымға ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру жүргізілді.

 

01.04.2018 г

 

1.       Ұлан ауданына жұмыс сапары.

 

Сәуірдің бірінші жұлдызында ШҚО Жарма ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің басты тақырыбы – Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы.

 

02.04.2018 г

Аудан активімен кездесті

 

         Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.М.Мусин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында 2 сәуір күні Жарма ауданында болып, аудан активімен кездесті.

         Сенатор «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» және оның қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Әрбір әлеуметтік бастама тұрғындар тіршілігіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Мәселен, Елбасы ұсынған «7-20-25» бағдарламасы қазақстандықтарға қолжетімді ипотекалық несиемен үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғын үй құрылысына да зор серпін береді.

         Жатақханалар салу – студенттерді, ата-аналарды толғантып жүрген маңызды мәселенің таяу жылдарда шешімін табуына мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бұл жұмыс қолға алынып, жүргізіліп жатыр.

         Тағы бір қолдау түрі - жұмысшылардың жалақысы неғұрлым төмен болса, салық көлемі де азая түспек. Яғни, төмен жалақы алатындарға салық жүктемесі 10 есеге азайтылып, 1 процент қана салық салынады. Әрі қарай табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу жолдары қарастырылмақ.

         Шағын несиенің жалпы сомасының 2018 жылы 62 миллиард теңгеге жеткізілуі көптеген азаматтардың өз кәсіптерін ашып, бизнесті жолға қоюына, сонымен қатар жұмыспен қамтудың артуына жол ашады.

         Орталық облыстарды, әрі қарай солтүстік өңірлерді газдандыру қоршаған ортаның тазалығын сақтауға да оң әсерін тигізбек.

         Бұл бастамалардың қай-қайсы да алдағы әлеуметтік сипаттағы ауқымды жұмыстардың бастауы болып табылады. Парламент депутаттары да бұл бағыттағы өз деңгейінде қажетті шаралар атқаруда.

         Сонымен қатар, Сенат депутаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілуге тиісті шаралар төңірегінде өз ұсыныстарын айтып, жиналғандармен пікір алмасты.

 

03.04.2018 г

 

2018 жылғы 3 сәуір күні Семей қаласына Елбасы Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру мақсатында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин келді.

Сапар барысында Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі, М. О. Әуезов атындағы атындағы педагогикалық колледжі мен көлік колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізілді. Сенат депутаты 5 әлеуметтік бастаманың маңыздылығын атап өтіп, оны жүзеге асыру бойынша қабылданатын шаралар бойынша ақпарат берді.  Кездесу соңында студенттер  оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу, оқу гранттары және төмен пайыздық несие арқылы тұрғын-үй алуға қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Сонымен қатар Семейқаласындағы су тасқынынан зардап шеккен «Мирный» кентінде болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Бөлісу