Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.М. Мусиннің Тарбағатай ауданына жұмыс сапары жөнінде ақпарат

05.03.2019 0
Сенатор Д

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Д.Мусин 2018 жылдың                  5 наурызы күні Тарбағатай ауданының Жәнтікей, Көкжыра елді мекендерінде болып ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Д.Мусин «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасаған «Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» атты баяндамасынан туындайтын міндеттерді, оны жүзеге асырудың іс шаралары туралы кеңінен әңгімеледі. «Бақуатты қоғам: он жылдықтың он мақсаты» атты партияның жаңа бағдарламасымен жан-жақты таныстырды.

2017-2021 жылдары арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған кешенді мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты  ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының көптеген сауалдарына нақты әрі тұжырымды жауап берді.

Сонымен қатар сенатор Д.Мусин сол күні жиырма шақты отбасы тұраты Қожакелді шағын елді мекенінде болып «Толағай» мектеп бала бақша кешенінің, «Бота», «Қуаныш» шаруа қожалықтарының шағын отбасылық мал бордақылау алаңдарының жұмыстарымен танысып ауыл тұрғындарына «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінің материалдары, көп балалы аналарды, аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғау шаралары туралы әңгімелеп берді. Ауыл жұртшылығы шалғайда жатқан елді мекенге ат басын бұрып, халықтың тұрмыс тіршілігі әл-ауқатымен танысуға уақыт бөлген сенат депутаты Д.Мусинге ризашылықтарын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Сенатор Д.Мусиннің елді мекендердегі ауыл тұрғындарымен кездесу жиналыстарына  Тарбағатай аудандық мәслихатының хатшысы С.Жақаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Атықанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қайырбеков, аудандық ветеринария бөлімігің басшысы С.Қонысбаев, «Семей таңы» газетінің тілшісі Х.Сәтиев қатысты.

Бөлісу