Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

19.08.2019 0

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесіп, Парламенттің өткен сессияда атқарған жұмысын, қабылдаған заңдары туралы айтты.

         Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.Головатюкпен кездесуде Парламент пен мәслихаттар арасындағы қарым-қатынас мәселелері сөз болды.

         Әрі қарай Д.Мусин «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының аппарат қызметкерлерімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдау өткізді. Тұрғындар сенаторға түрлі көкейкесті сұрақтарын қойып, жауап алды.

         Өскемен қаласының әкімі Ж.Омармен бірге 200 орынға арналған балалар ауруханасының құрылысын барып, тексерді. Қала басшысы бұл нысан бойынша қаржылық мәселелер бар екенін жеткізді. Сенатор оны жеке бақылауына алатынын айтып, мәселені жан-жақты қарастырды.

Бөлісу