Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Д.Мусиннің Семей қаласындағы кездесуі

26.08.2019 0

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Семей қаласы мәслихат депутаттарымен және аппарат қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Онда аппарат пен мәслихат қызметтерін оңтайландыру бойынша Сенат ұсынған бастамалар және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

Сенатор кездесушілерге қатысушыларды Парламенттің заң шығарушылық қызметі, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы туралы хабардар етті.

Мәслихат депутаттары тарапынан агроөнеркәсіп кешенін, медицина, көлік және коммуникацияларды дамытуға қатысты бірқатар сауалдар қойылды.

Дүйсенғазы Мусин заңнамалық жүйені жетілдіруге және Шығыс Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Семей қаласының мәслихат депутаттары Р.Хазипов пен А.Досқұжановқа Құрмет грамоталарын табыстады.

Сенатор, сондай-ақ Қарағайлы ауылындағы тұрғын үйдің және «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты.

Бөлісу