Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Д.Мусин Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында болды

28.08.2019 0

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында болып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру мәселелері, Жидебайда өткізіліп отырған жөндеу жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды.

Қарауыл ауылында округ мамандарымен төртінші деңгейлі бюджеттік өзгерістер мәселелері қозғалды. Сенатор өз кезегінде Парламенттің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Дүйсенғазы Мусин аудан әкімдігінде мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде сенатор ауылшаруашылығын қолдау, ветеринария саласын жетілдіру туралы Заң жобасын түсіндіріп, мал шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру бойынша қабылданып отырған шаралар туралы айтты.

Сенатор, сондай-ақ М.Әуезов атындағы орталық кітапханада жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Абай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, ауданның жас мемлекеттік қызметшілері, сонымен қатар «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген мамандар, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде Жастар жылы аясында өткізілген жұмыс, мемлекет тарапынан жастарды қолдау жөніндегі мәселелер талқыланды.

Бөлісу