Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы

21.12.2020 0

Әріптестеріміздің бастамашылығымен әзірленген заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделген. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау қарастырылған.

Сонымен қатар, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге де тыйым салу ұсынылады.

Жалпы, енгізіліп отырған түзетулер Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы аясында ақпараттық технологиялар арқылы азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Бөлісу