Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

05.11.2021 0

2021 жылдың 5-17 шілдесі аралығында депутат Д.М. Мусин Шығыс-Қазақстан облысына іссапары аясында 11 елді-мекеннің әлеуметтік-маңызды нысандары мен кәсіпкерлік және инфрақұрылым объектілерін, шаруа қожалықтарын аралап, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің, білім беру мекемелерінің құрылысымен танысты.

Өңірдегі іссапарының алғашқы күндерінде, сенатор Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовпен және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Д.С.Рыпаковпен кездесті.

Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, ауыл аймақтардағы 4-деңгейлі бюджеттің игерілу мәселелері,  ҚР Сенаты мен облыстық мәслихаттардың өзара қарым-қатынасы талқыланды.

Сонымен қатар, іссапар шеңберінде Д.Мусин Риддер қаласындағы «Ботаника» жаңа шағын ауданына барып, ірі орман өртінен зардап шеккен тұрғындарға  арнап салынып жатқан тұрғын-үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасымен 32 баспананың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Сондай-ақ, сенатор білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан 600 орындық мектеп құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

9 шілдеде, депутат Семей қаласына барып, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдерінің қатысумен қалалық әкімдікте кездесу өткізіп, барысында 4-деңгейлі бюджеттерді игеру барысындағы проблемалар мен ауылдық аймақтарды дамытудағы негізгі мәселелерді талқылады.

Кездесуден кейін, сенатор Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында болып, Ұлы ақынның мерейтойына орай жасалған үлкен өзгерістерді атап өтті.

Сондай-ақ, «Жоламан» көтерме-тарату орталығының және Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енген заманауи талаптарға сай жасақталған «Семей май экстракциялау» зауытының жұмысымен танысты.

12 шілде күні,  депутат Жарма ауданына іссапармен барып, аудандық әкімдікте бөлім басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін талқылап, ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы және әзірленіп жатқан ҚР АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы бойынша пікір алмасты.

Аудандағы іссапары аясында, сенатор бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады, соның ішінде Жаңаөзен ауылындағы «К.Шәкенов атындағы орта мектеп» жұмысымен танысып, білім  саласында орын алып жатқан бірқатар өзгерістер бойынша қатысушылармен пікір алмасты.

13 шілдеде, Д.Мусин Жарық ауылдық округінде орналасқан асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын өсірумен айналысатын «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС жұмысымен танысып,  барысында шаруашылық  басшылығы асыл тұқымды мал селекциясын жақсарту бойынша алдағы жоспарларымен хабардар етті. Бұдан бөлек, депутат ауылда орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады.

15 шілдеде, Д.Мусин Аягөз ауданына іссапары барысында, Қосағаш, Бидайық округтерінде болып, ауыл әкімдерімен кездесу өткізіп, 4-деңгейлі бюджеттерді игеру барысындағы проблемалар мен ауылдық аймақтарды дамытудағы негізгі мәселелерді талқылады және АШТӨ және сала мамандарымен әзірленіп жатқан ҚР АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы бойынша, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының орындалу барысы туралы пікір алмасты.

       Бұдан бөлек, «Ақтоған» су бөгетін жөндеуден өткізіп, оны 3 ауылдық округте қайта іске қосу мәселесі талқыланды. Жобаны жүзеге асыру  3 ауылдық округ халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудегі маңыздылығы тұрғысында сөз қозғалды.

Жалпы, депутат Д.М.Мусиннің ШҚО-дағы іссапары туралы өңірлік БАҚ-та, сондай-ақ ақпараттық интернет-порталдар мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды.

 

 

 

Бөлісу