Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»

15.09.2020 0

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт 2018 жылғы 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған.

Аталған Шарт екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес, бұл Шарт адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтындықтан, ол ратификациялауға жатады.

Осындай халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 21 елмен жасасты. Бұдан басқа, бүгінгі күні осындай шарттарды Өзбекстан, Кипр, Перу және Доминикан Республикасымен жасасу мүмкіндігін пысықтауда.

Жалпы Шартты ратификациялау екі мемлекет үшін де өзекті болып табылады. Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражаттыталап етпейді.

Бөлісу